Жарқайың ауданында дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесі қалай шешілуде?
Жарқайың ауданының денсаулық сақтау жүйесі бүгінгі таңда тұрақты даму үстінде. Ауданда 1 аудандық аурухана, 4 дәрігерлік амбулатория, 15 медициналық пункт және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істеп тұр. Бұл медициналық мекемелер аудан тұрғындарына қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын, бұл туралы Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Исмаилов брифингте баяндады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, Жарқайың ауданында медициналық инфрақұрылым нығайып келеді. Қазіргі уақытта аудан бойынша 300-ге жуық дәрігер мен медициналық қызметкер еңбек етеді. Бұл ауданның денсаулық сақтау саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткенін көрсетеді. Дегенмен, маман тапшылығы мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Қазіргі уақытта Жарқайың ауданында 9 дәрігер маманы жетіспейді.
«Жергілікті билік маман тапшылығын шешу үшін белсенді жұмыс істеп келеді. Мемлекет тарапынан жас мамандарға арналған 5 үй қарастырылған, сондай-ақ жоғары оқу орындарында өтетін вакансия жәрмеңкелеріне қатысып, ауданға мамандарды тарту шаралары жалғасуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері аудандық ауруханаға 2 білікті дәрігер мен 4 орта медициналық қызметкер қабылданды. Бұл аудан денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыруға оң әсерін тигізіп отыр деп есептеймін», деп толықтырды спикер.
Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау және аурулардың алдын алу шараларына да айрықша назар аударылуда. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту және ауруларды ерте анықтап, алдын алу шаралары күшейтіліп келеді. Әсіресе, аудан тұрғындарын тұрақты медициналық тексерулер мен профилактикалық шараларға тарту жұмыстары да жүргізілуде. Бұл тұрғындардың денсаулығын сақтауға және аурулардың алдын алуға көмегін береді.
«Аудандағы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге қарамастан, әлі де көптеген жұмыстар атқарылуы керек. Маман тапшылығын толық шешу, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу – алдағы уақытта шешуді қажет ететін маңызды мәселелер», деп түйіндеді Мұрат Исмаилов.
Аудан әкімдігі бұл бағытта жоспарлы жұмыс жасап, денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды көздейді.
«Кадрового дефицита нет»: как развиваются сферы образования и культуры в Жаркаинском районе
Несмотря на то, что Жаркаинский район является одним из самых отдаленных регионов от областного центра, местным властям удается удержать население. По словам руководства района, кадрового дефицита среди педагогов здесь больше нет. А для людей создают новые рабочие места, вводят культурные объекты и развивают инфраструктуру. Подробнее в материале Региональной службы коммуникаций.
В этом году планируется обновление трех домов культуры, построенных еще в 70-е годы прошлого столетия. Это капитальный ремонт ДК в Пригородном вместимостью до 200 человек. Ремонт кровли здания дома культуры в селе Валиханова, где для жителей будут представлены сельская библиотека и современный coworking-центр. Также обновят культурное сооружение в Костычево и районную библиотеку. Для сельских талантов закупили новейшее музыкальное оборудование.
«В условиях современного мира значение культурных учреждений в сельской местности становится особенно важным. Они не только сохраняют наследие и способствуют развитию образования, но и играют ключевую роль в развитии сплоченного общества, стимулируя экономическое развитие и поддержку местных талантов. Поддержка таких организаций — это инвестиции в будущее региона», — отметил заместитель акима Жаркаинского района Мурат Исмаилов.
Кроме того, планируется проведение капремонта двух школ и ясли-сада. Более десятка образовательных учреждений будут охвачены текущим ремонтом и заменой отопительных систем.
«Все эти мероприятия нашли позитивный отклик среди нашего населения. А открытый диалог с нашими жителями – одна из наших главных целей. К примеру, долгое время люди обращались с проблемным объектом – школа в селе Бирсуат. Несмотря на то, что ее обновление экономически сложный и спорный вопрос, мы нашли способ решить проблему. Будет новая школа на 100 мест, как и просили сельчане», — заключил спикер.