Егіндікөлде білім беру саласындағы мәселелер қалай шешілуде
Егіндікөл ауданында 9 жалпы білім беретін мектеп, 1 балабақша және 7 шағын орталық жұмыс істейді. Қазіргі таңда аудан мектептерінде мыңға жуық бала білім алуда. Алайда аудан мектептерінің көпшілігі шағын комплектілі болғандықтан, білім беру сапасын арттыруға ерекше назар аударылуда. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Ерік Жиенбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, өткен жылы ауданның білім жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізілді. Мысалы, облыстық бюджеттен Егіндікөл ауылындағы №1 орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Спиридоновка мектебінің шатырын жөндеу үшін қаражат бөлініп, Қоржынкөл мектебінің спорт және акт залдарының шатырлары жаңартылған.
«Ауданда білім беру сапасын арттыру үшін жаңа құрал-жабдықтар мен инновациялық кабинеттер орнатылды. 2024 жылы №2 Егіндікөл мектебіне робототехника кабинеті, №1 Егіндікөл мектебіне инклюзивті білім беру кабинеті құрылды. Бұл кабинеттер оқушылардың заманауи білім беру әдістемелеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді»,- деді Ерік Жиенбеков.
Тоғанас ауылындағы мектепке жаңа жиһаздар сатып алу үшін арнайы қаражат бөлінген. Сонымен қатар мектеп асханаларындағы жабдықтар жаңартылған. 2024 жылы 485 оқушы тегін тамақпен қамтылды.
Оқушылардың қауіпсіздігі мен оқу орнының қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында аудан мектептері заманауи видеобақылау жүйелерімен толық қамтылды. Бұл жүйе оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру мекемелерінің қауіпсіз жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Сонымен қатар, ауданның білім бөлімі қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету үшін жаңа қызметтік көліктер сатып алған. Бұл көліктер білім беру саласындағы мамандарға аудан аумағында тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Егіндікөл ауданында білім беру жүйесінде кадр тапшылығы да өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Ерік Жиенбеков атап өткендей, әсіресе математика, информатика, тарих, дене шынықтыру және қазақ тілі пәндеріне мұғалімдер тапшылығы байқалуда. Бұл мәселені шешу үшін аудан әкімдігі белсенді түрде еңбек нарығымен жұмыс жүргізуде. Жергілікті еңбек жәрмеңкелеріне қатысып, студенттерді ауданға тарту жұмыстары жүргізілуде. Ерік Жиенбеков бұл бағытта жасалған жұмыстардың нәтижесінде болашақта бұл тапшылықты толық жоюға болады деп есептейді.
Егіндікөл ауданында білім беру саласындағы жаңғырту мен даму жұмыстары ауданның болашағына деген сенімді қадамдар болып табылады. Білім беру инфрақұрылымын жаңарту, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, кадр тапшылығын шешу шаралары аудан тұрғындарының, әсіресе жас ұрпақтың білім алу сапасына тікелей әсер етеді.

Рост строительной отрасли в 2,5 раза наблюдается в Егиндыкольском районе

Строительная отрасль Егиндыкольского района демонстрирует значительный рост. Объём работ в 2,5 раза превышает показатели за аналогичный период прошлого года. Основные инвестиции направлены на реконструкцию ключевых объектов и развитие жилой инфраструктуры. Об этом на брифинге рассказал замакима региона Ерик Жиенбеков, передает Региональная служба коммуникаций.

С начала прошлого года в эксплуатацию ввели 770 квадратных метров жилья, что составляет 95% к прошлогоднему показателю.

“В 2024 году значительное внимание уделялось возведению многоквартирного жилья. По 16-квартирному дому проведены технические обследования и корректировка сметной документации. На завершение строительства дома и инженерных сетей к нему уже получены положительные заключения экспертизы. Бюджетная заявка направлена в областное управление строительства, архитектуры и градостроительства. Строительство начнётся в апреле 2025 года”, — рассказал замакима региона Ерик Жиенбеков.

В октябре стартовало строительство трёх двухквартирных домов по улице Школьная и пяти домов по улице Восточная. Работы ведутся за счёт средств инвесторов. По завершении эти дома будут выкуплены государством для предоставления арендного жилья лицам из очереди.

Среди завершённых работ выделяются инженерные сети к фельдшерско-акушерскому пункту в селе Бауманское. Завершение строительства скотомогильника в селе Егиндыколь запланировано до конца года.

Особое внимание уделено решению проблемы питьевой воды, что подчёркивалось в послании Главы государства. В октябре восстановили водоснабжение в Егиндыкольском районе. Однако из-за износа металлических труб, задвижек и гидрантов, возникшего на фоне перебоев с подачей воды, необходим текущий ремонт систем.

“Разработана сметная документация для восстановления объектов водоснабжения района. Заявка на финансирование направлена в управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Акмолинской области”, — дополнил спикер.

By admin

Читайте также