Жаңа жылдық шаралардағы өрт қауіпсіздік ережелерін естен шығармау маңызды
Жаңа жыл мерекелері алдында өңірде салтанатты шаралар өтетін нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіледі. Бұл шаралардың аясында 544 нысан тіркеуге алынды. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысының ТЖД Өрт қауіпсіздігі басқармасының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ержан Ғаббас мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Тіркеуге алынған нысандардың арасында 446 білім беру мекемесі, 34 мәдениет үйі, 6 ойын-сауық орталығы, 3 әлеуметтік нысан, 14 орталық алаңдағы нысан және 41 дәмхана мен мейрамхана бар.
«Инженерлік-инспекторлық құрамның мамандары бұл нысандарды өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеру мақсатында визуалды бақылаудан өткізді. Тексеру барысында 154 бұзушылық анықталып, олардың барлығы сол жерде жойылды», — деді өрт қауіпсіздігі басқармасының орынбасары.
Жаңа жылдық мерекелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін 102 адамнан тұратын 20 жедел топ құрылып, 15 бірлескен оқу-жаттығу өткізілді, оның ішінде өрт сөндіру бойынша тактикалық сабақтар да болды. Мерекелерге қатысатын нысандан үшін 313 жедел жоспар мен өрт сөндіру нұсқаулықтары қайта қаралды.
Сонымен қатар, профилактикалық шаралар аясында 89 рейд жүргізіліп, 279 пиротехникалық өнім тәркіленді. Заңсыз пиротехникалық саудамен айналысқан тұлғаларға қатысты 38 әкімшілік хаттама толтырылып, 1,7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
19 желтоқсан күні «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында дәмхана, мейрамхана және клубтардағы шаралар барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өтті. Мемлекеттік органдар мен жеке бизнес өкілдері мереке кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар алды.
«Барлық облыс тұрғындарына жаңа жыл мерекесі кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңызды екенін еске салғым келеді. Жаңа жылдық шыршаны орнатқанда, оны жылыту құралдарынан және қыздырғыштардан алыс жерде орналастырып, оны сенімді түрде тіреу керек. Шыршаны нағыз шамдармен және жеңіл тұтанатын әшекейлермен, мысалы, қағаз гирляндаларымен немесе қар ұшқындарымен безендіруге болмайды. Әшекейлер үшін тек электр гирляндаларын қолданған дұрыс. Сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды сапа сертификаттарымен және нұсқаулықтарымен сатып алу маңызды, оларды тек ашық ауада, ғимараттардан қауіпсіз қашықтықта пайдалану қажет», — деп атап өтті спикер.
Айта кету керек, жыл сайын облыс аумағында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану салдарынан өрт оқиғалары орын алады. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы мерекені баршаға қауіпсіз өткізуге болады.
Пожарная безопасность на новогодних мероприятиях: что важно помнить
В преддверии новогодних праздников в регионе проводится комплекс мероприятий по обеспечению пожарной безопасности на объектах, задействованных в праздничных событиях. В рамках подготовки на учет было поставлено 544 объекта. Об этом на брифинге рассказал полковник гражданской защиты, замначальника управления госпожарного контроля ДЧС Акмолинской области Ержан Габбас, передает Региональная служба коммуникаций.
Среди объектов, поставленных на учет, 446 образовательных учреждений, 34 дома культуры, 6 развлекательных центров, 3 социальные объекта, 14 объектов на центральной площади и 41 кафе и ресторан.
“Специалисты инженерно-инспекторского состава провели визуальные осмотры этих объектов с целью выявления возможных нарушений правил пожарной безопасности. В ходе проверок было выявлено 154 нарушения, все из которых были устранены на месте”, — рассказал замначальника управления госпожарного контроля ДЧС Акмолинской области.
Для обеспечения безопасного проведения праздников также было сформировано 20 оперативных групп, состоящих из 102 человек, и проведено 15 совместных учений, включая тактические занятия по тушению пожаров. Были скорректированы 313 оперативных планов и карточек пожаротушения для объектов, участвующих в мероприятиях.
Кроме того, в рамках профилактических мероприятий проведено 89 рейдов, в ходе которых изъято 279 пиротехнических изделий. 38 административных протоколов было составлено по фактам незаконной торговли пиротехникой, что привело к штрафам на сумму более 1,7 млн тенге.
19 декабря в Палате предпринимателей «Атамекен» состоялся круглый стол, на котором обсуждались вопросы обеспечения пожарной безопасности на мероприятиях, проводимых в кафе, ресторанах и клубах. Представители органов власти и частного бизнеса получили рекомендации по обеспечению безопасности в этот праздничный период.
“В завершение хотелось бы напомнить всем жителям области о важности соблюдения правил пожарной безопасности в Новый год. При установке елки необходимо размещать ее подальше от отопительных приборов и нагревательных элементов, надежно закреплять на подставке и не забывать о свободных выходах из помещения. Не стоит украшать елку настоящими свечами и легко воспламеняющимися украшениями, такими как бумажные гирлянды или снежинки. Для украшений используйте только электрические гирлянды заводского производства. Также важно приобретать пиротехнические изделия с сертификатами качества и инструкциями и использовать их исключительно в открытых местах, на безопасном расстоянии от зданий”, — подчеркнул спикер.
Не стоит забывать, что каждый год на территории области происходят пожары, связанные с использованием пиротехнических изделий. Следуя простым правилам безопасности, возможно сделать праздник безопасным для всех.