Облыста экология департаменті 500 ден астам қызмет көрсетті
2024 жылы Ақмола облысы Экология департаменті өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша белсенді жұмысын жалғастырып, тұрғындарға мемлекеттік қызметтердің бірнеше түрін ұсынды. Жалпы, өткен жылы 504 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл халық пен кәсіпорындардың экологиялық бақылау органдарына деген жоғары сенімін көрсетеді. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша экология департаментінің басшысы Кукумбаев Мағзұм Асхатұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Департамент көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» біріңғай жүйесі арқылы ұсынылады, бұл қызмет алушылармен тікелей байланысты болдырмай қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
«Біз жобалардың сараптамасын өткізу сапасы мен мерзімдеріне ерекше көңіл бөлеміз. Сараптаманы өткізуден басқа, эмиссияларды тұрақты түрде азайту үшін тиімді табиғатты қорғау шараларын енгізу маңызды» деп атап өтті Мағзұм Кукумбаев.
Ақмола облысындағы кәсіпорындар жыл сайын табиғат қорғау іс-шараларын әзірлейді. Мәселен, 2023 жылы 1-санаттағы кәсіпорындар табиғатты қорғау іс-шараларына шамамен 803 млн теңге бөлуді жоспарлап, 1,1 млрд теңгені игерді. 2024 жылғы табиғат қорғау шаралары туралы ақпарат 2025 жылдың қаңтарында жарияланады.
Спикердің айтуынша өткен жылы Департамент экологиялық бақылауды белсенді түрде жүргізуді жалғастырған.
“59 кәсіпорын тексерілді, оның ішінде 14 профилактикалық бақылау, 9 экология саласындағы рұқсат құжаттарына сәйкестігі бойынша және 39 жоспардан тыс тексеру өткізілді. Тексерулер нәтижесінде 112 құқықбұзушылық анықталды, бұл экологиялық нормалардың сақталуын үнемі бақылаудың қажеттілігін дәлелдейді. Тексерулер барысында 125 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 81 млн 687 мың теңге айыппұл салынды. Қаражаттың 96%-ы, яғни 68 млн теңге ерікті түрде өндіріліп алынды”,- дейді облыстағы департамент басшысы.
Сонымен қатар, 2024 жылы сот шешімімен 6 кәсіпорынның қызметі тоқтатылды. Қалдықтарды заңсыз орналастыруға қарсы күрес аясында тамыз-қыркүйек айларында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде өңірде 535 заңсыз қоқыс орны анықталды. Қазіргі уақытта аудан әкімдіктері 432 қоқыс орнын жойды, бұл жалпы санның 81%-ын құрайды.
“Қалдықтарды заңсыз орналастыру — өңірдегі ең өткір экологиялық мәселелердің бірі. Біз бұл объектілерді жою бойынша жұмысымызды жалғастырып, ғарыштық технологиялар арқылы үнемі бақылауды жүргізудеміз» — деп қосты департамент басшысы”,- деп толықтырды спикер.
Департамент экологияның жағдайын бақылау мақсатында сынамалар алу және қоршаған орта көрсеткіштері бойынша талдаулар жүргізу жұмыстарын да белсенді жүргізуде. 2024 жылы 155 сынама алынып, оның 121-і ауаға, 26-ы суға, 2-сі топыраққа, 6-сы радиацияға қатысты болды.
Ақмола облысында қазіргі уақытта 5 кәсіпорын атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарындыларын бақылауға арналған автоматтандырылған бақылау жүйелерін орнатуға міндетті. Қазіргі таңда ТОО «Степногорск ЖЭЦ» және ТОО «ПО Кокше-Цемент» АЭБ жүйесіне қосылған. 2025-2027 жылдар аралығында АЭБ жүйесін енгізу жоспарланған үш кәсіпорын бар.
Департаменттің маңызды бағыттарының бірі — экологиялық білім беру және халықты табиғатты қорғау мәдениетіне тәрбиелеу. «Таза Қазақстан» акциясы, «Таза жағалау», «Таза қала», «Таза тау» сияқты экологиялық акциялар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Халықаралық Жер күніне орай балалар арасында сурет салу конкурстары мен балабақшаларда экологиялық сабақтар ұйымдастырылады.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 280 мыңнан астам тұрғын мен 5 мыңнан астам кәсіпорын қатысты. Нәтижесінде 74 мыңнан астам аула аумағы тазартылды, 403 заңсыз қоқыс орны жойылды, 105 мыңнан астам ағаш және бұта отырғызылды.
Құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында Департамент антикоррупциялық органдармен белсенді түрде жұмыс істейді. 2024 жылы сыбайлас жемқорлық және интернет-алаяқтық мәселелері бойынша 5 семинар және 9 дәріс өткізілді.
«Сыбайлас жемқорлықпен күресу — біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Біз қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп отырамыз» , — деп атап өтті департамент басшысы.
Қорытындылай келе, 2024 жылы Ақмола облысы Экология департаменті экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың хабардарлығын арттыруға және экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысын жалғастырды. Осы шаралар болашақта да жалғасатын болады, бұл өңірдің тұрғындары үшін экологиялық жағынан таза және тұрақты орта қалыптастыруға септігін тигізеді.
Снижение эмиссий в атмосферу наблюдается в Акмолинской области
В Акмолинской области отмечены снижение эмиссий в атмосферу, улучшение экологической ситуации и активная борьба с несанкционированными свалками, что стало результатом внедрения природоохранных мер и активной инспекционной работы. Об этом на брифинге рассказал руководитель облдепартамента экологии Магзум Кукумбаев, передает Региональная служба коммуникаций.
Одним из приоритетов Департамента стало снижение нормативов эмиссий и внедрение эффективных мероприятий для улучшения экологической обстановки. Ежегодно предприятия Акмолинской области разрабатывают природоохранные планы, финансируемые за счет собственных средств.
К слову, плата за негативное воздействие на окружающую среду составила 4,73 млрд тенге. Данные за текущий год ожидаются в начале следующего.
“Департамент провел 59 проверок, выявив 112 нарушений. Выдано 58 предписаний, наложены штрафы на сумму более 81 млн тенге, из которых 96% взыскано добровольно. Шесть компаний приостановили свою деятельность по решению суда за нарушения экологического законодательства”, — рассказал руководитель облдепартамента экологии.
Кроме того, в рамках борьбы с несанкционированными свалками было выявлено 535 таких мест, из которых 432 ликвидированы акиматами, что составляет 81% от общего числа.
Департамент продолжает мониторинг состояния окружающей среды. В этом году проведено 155 заборов проб воздуха, воды, почвы и радиационного фона. Выполнено 497 анализов, из которых основная часть связана с качеством воды – 368 определений.
“Для контроля выбросов в атмосферу пять предприятий Акмолинской области обязаны внедрить автоматизированную систему мониторинга. На данный момент такие системы действуют на Степногорской ТЭЦ и ПО “Кокше-Цемент”. Остальные предприятия планируют завершить внедрение в 2025-2027 годах”, — дополнил Магзум Кукумбаев.
Департамент активно занимается экологическим образованием и популяризацией экологических инициатив. В текущем году проведено более 457 мероприятий. В социальных сетях опубликовано 230 материалов, привлекших к обсуждению экологических вопросов тысячи жителей региона.
Массовые экологические акции, такие как “Таза Қазақстан”, объединили более 280 тысяч жителей и 5,3 тысячи предприятий. Совместными усилиями убрано более 74 тысяч дворов, ликвидировано 403 стихийных полигона и высажено свыше 105 тысяч саженцев.