Ағымдағы жылдың сәуір айының төртінші жұлдызында Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Самарқанұлы Әмір Жақсы аудандық сотының жаңа судьясын аудан белсенділеріне таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 наурыздағы №845 Жарлығына сәйкес, Сақанов Ринат Мирхатұлы Жақсы аудандық судьясы лауазымына тағайындалды. Облыстық соттың төрағасы жаңа тағайындалған Р. Сақановты құттықтап, жұмысына табыс тілеп, өз жұмысын сапалы атқарып, заң үстемдігін қамтамасыз етуді тапсырды.