Цифрлық білім беру: Ақмола облысындағы инновациялық технологиялар мен жеңістер
Ақмола облысы білім басқармасы «Цифрлық білім беру: қазіргі заман мектебіне арналған инновациялық технологиялар» тақырыбында семинар-көрме ұйымдастырды. Бұл іс-шара білім беру саласында ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану мен дамытуға бағытталды. Көрмеде қатысушылар жаңа білім беру платформаларымен, қосымшалармен танысып, педагогтардың кәсіби дамуына көмектесетін цифрлық шешімдерді зерттеді.
Көрменің негізгі мақсаты — қазіргі заманғы білім беру технологияларын насихаттау, педагогтардың цифрлық құралдарды меңгеруі арқылы кәсіби өсуіне ықпал ету және білім беру процесіне цифрлық технологияларды тиімді енгізудің озық тәжірибелерімен бөлісу. Іс-шара барысында мектептердегі білім беру сапасын арттыру мен цифрлық құзыреттілікті дамыту үшін жаңа инновациялық шешімдер ұсынылды.
Іс-шараға қатысушылар арасында Ақмола облысының білім алушыларының халықаралық жарыстардағы жетістіктеріне ерекше назар аударылды. Бурабай ауданы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Әбілжанов Нұржан Ғалиұлы өз шәкірттерінің робототехника саласында жеткен биік нәтижелерін мақтанышпен жеткізді.
«Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық олимпиадасында Нұржан Ғалиұлының жетекшілігімен қатысқан оқушылар Қазақстанның атын жоғары қойды. Олимпиадада 240 команданың арасынан екінші орын алып, Азия чемпионатына жолдама алды. Осы жарыстағы табысты нәтижелері оларды әлемдік додада жеңімпаз болуға жеткізді. Абылайхан мектебінің оқушылары әлемнің үздік робототехниктерімен бәсекелесіп, өз шеберліктерін танытты.
Бұдан бөлек, Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің бірінші курс студенттері Абылайхан мектебінің бұрынғы оқушылары Қаппасов Дидар мен оның командасы да Италияда өткен «Fibonacci International Robot Olympiad» жарысынан жеңіспен оралды. Дидар жарысқа қатысып, өзінің командасымен бірінші орынды иеленді. Оқушылардың айтуынша, жарыс өте қиын болған, алайда олар өз білімдері мен тәжірибелерін тиімді қолдана отырып, жеңіске жетті. Бұл жетістік олардың тек мектеп деңгейінде емес, халықаралық аренада да өздерінің шеберліктерін дәлелдегенін көрсетті.
Цифровое образование: инновационные технологии и победы в Акмолинской области
Управлением образования Акмолинской области организован семинар-выставка на тему «Цифровое образование: инновационные технологии для современной школы». Данное мероприятие было направлено на эффективное использование и развитие информационных технологий в сфере образования. На выставке участники ознакомились с новыми образовательными платформами, приложениями, изучили цифровые решения, помогающие педагогам в профессиональном развитии.
Основная цель выставки-пропаганда современных образовательных технологий, содействие профессиональному росту педагогов через овладение цифровыми инструментами и обмен передовым опытом эффективного внедрения цифровых технологий в образовательный процесс. В ходе мероприятия были предложены новые инновационные решения для повышения качества образования в школах и развития цифровых компетенций.
Особое внимание среди участников мероприятия было уделено достижениям обучающихся Акмолинской области на международных соревнованиях. Учитель информатики средней общеобразовательной школы села Кызылагаш Бурабайского района Абылжанов Нуржан Галиевич с гордостью передал высокие результаты своих учеников в области робототехники.
На международной олимпиаде» Fibonacci International Robot Olympiad » учащиеся под руководством Нуржана Галиевича высоко оценили Казахстан. На Олимпиаде он занял второе место из 240 команд и получил путевку на чемпионат Азии. Успешные результаты в этом соревновании привели их к тому, что они стали победителями мировых соревнований. Учащиеся абылайханской школы показали свое мастерство, соревнуясь с лучшими робототехниками мира.
Кроме того, первокурсники университета имени Шокана Уалиханова, бывшие ученики Абылайханской школы Каппасов Дидар и его команда также вернулись с победой в конкурсе «Fibonacci International Robot Olympiad», который проходил в Италии. Дидар участвовал в соревнованиях и занял первое место со своей командой. По словам учеников, соревнование было очень сложным, но они выиграли, эффективно используя свои знания и опыт. Это достижение показало, что они доказали свое мастерство не только на школьном уровне, но и на международной арене.