Ақмола облысындағы денсаулық сақтауды дамыту стратегиясы және медициналық кадрларды қолдау
2024 жылы өңірлік денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған айтарлықтай қаржыландыру мен бастамалар көзделген. Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Нұрлан Ахильбеков брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бүгінгі таңда өңірдің медициналық ұйымдарын жарақтандыру деңгейі 82,67% құрайды. Материалдық-техникалық базаны одан әрі нығайту мақсатында 2024 жылы 5 млрд 364,3 млн теңге бөлінді, олар жабдықтар мен техниканы сатып алуға бағытталатын болады.
«Облыс әкімі Марат Ахметжановтың қолдауының арқасында биыл біз медициналық ұйымдардың автомобиль паркін айтарлықтай жаңарттық. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржы лизингі шеңберінде 3,7 млрд теңгеге 50 машина сатып алынды: бұл «В» класты жедел медициналық жәрдем автомобильдерінің 25 бірлігі және «С» класты жедел медициналық жәрдем автомобильдерінің 25 бірлігі», — деді Нұрлан Ахильбеков.
Сала мамандарының тапшылығы әлі күнге дейін өзекті мәселе болып тұр. Осы ретте мамандарды тарту және ынталандыру шаралары іске асырылуда. Мәселен, медицина қызметкерлерінің тұрғын үй проблемаларын шешу үшін пәтерлер мен жатақханалар ұсынылады, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуді, дәрігерлердің балалары үшін балабақшаларда орын бөлуді және олардың жұбайларын жұмысқа орналастыруды қоса алғанда, әлеуметтік қолдау ұйымдастырылады.
«Осы жылы жас мамандар үшін көтергіш төлемдер де ұлғайтылды. Енді олар аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда жұмыс істеу үшін 1,5 миллион теңгеге дейін, ал ауылдық жерлерде 2,5 миллион теңгеге дейін. Бүгінгі таңда облыста 190 дәрігерге қажеттілік бар. Өткен жылы өңірге 174 дәрігер келді, оның 110-ы үшін 482 миллион теңгеден астам сомаға көтерме төленді. 38 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілген, басқа мамандар — жергілікті тұрғындар» деп толықтырды басқарма басшысы.
Сонымен қатар, болашақ медицина қызметкерлері үшін жыл сайын оқу гранттары бөлінеді. Биылғы жылы резидентурада оқу үшін 35 грант, еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында «жалпы медицина» мамандығы бойынша оқу үшін 50 грант берілді. Сондай-ақ орта медициналық персоналды даярлау үшін жергілікті бюджет есебінен 190 грант бөлінді.
Цифрландыру және медицина саласына инновацияларды енгізу мақсатында Ақмола облысында ақпараттық технологиялар инфрақұрылымы белсенді дамып келеді. Қазіргі уақытта өңірдегі медициналық ұйымдардың 87,7% — ы интернетке қосылған, оның ішінде барлық облыстық және қалалық мекемелер, сондай-ақ аудандық деңгейге дейінгі медициналық ұйымдардың 100% — ы. 2024 жылы «технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде медициналық бейнелерді өңдеу, сақтау және беру жүйесін енгізу жоспарлануда, бұл цифрлық медициналық аппараттарды мекемелердің жұмысына біріктіруге мүмкіндік береді.
«Сонымен қатар АИТВ-инфекцияларымен сырқаттанушылықтың өсуі байқалды, ол 12,1% — ға өсті, бұл ерекше назар аударуды және осы проблемамен күресу үшін қосымша шаралар қабылдауды талап етеді», — деп түйіндеді Нұрлан Ахильбеков.
Басқарма басшысы биылғы жылы сәбилер өлімінің көрсеткіші 24,5% — ға төмендегенін атап өтті. Сондай ақ, жазатайым оқиғалардан, уланулардан және жарақаттардан болатын өлім-жітімнің 6,0% — ға төмендеуі байқалады.
Денсаулық сақтау-әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарының бірі, оған адам әлеуеті мен демографиялық өсу жағдайы байланысты. Сондықтан Денсаулық сақтау жүйесі әлі де көп көңіл бөлуді қажет етеді.
Көкшетауда 630 орындық жаңа көпсалалы облыстық аурухана салу жоспарлануда
Ақмола облысында халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. 2024 жылы денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу бойынша 20 ірі жобаны іске асыру үшін 3 миллиард теңге бөлінді, бұл ауруханалар мен емханалардың жағдайын жақсартуға, сондай-ақ денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Нұрлан Ахильбеков брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Басқарма басшысы ауылдық жерлердегі медициналық мекемелерді жөндеуге ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап айтты. Сондай ақ «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында Ерейментау ауданының Тайбай, Олжабай батыр және Өлеңті ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларды жөндеуге 155,2 млн теңге бөлінді. Дәл осындай жұмыс Степногорск және Атбасар ауданаралық ауруханалары сияқты ірі медициналық мекемелерде де жүргізіледі, онда операциялық және реанимациялық бөлімшелер жөнделеді. Сонымен қатар, 2024 жылы облыс медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңартуды жалғастырды. Медициналық техникамен жарақтандыру 82,67% құрайды, ал осы жылы жабдықты жаңартуға 5,4 млрд теңге бөлінді.
Сонымен қатар мемлекет басшысы биыл алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділікті жақсарту қажеттігін атап өтті. Осы мақсатта өткен жылдан бастап еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыру басталды. 2023-2024 жылдары өңірде 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынуда. Олар 43 мыңнан астам ақмолалықтарға қызмет көрсететін болады. Бірінші фельдшерлік-акушерлік пункт Егіндікөл ауданы Бауманскоеауылында ашылды, ал осы жылдың соңына дейін тағы 27 нысанды аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Көкшетауда құны 330 миллиард теңгеге жуық 630 орындық жаңа көпсалалы облыстық аурухана құрылысы басталады. Бұл аурухана заманауи технологиялармен жабдықталып, бүкіл аймақ үшін маңызды медициналық орталыққа айналмақ.
«Бізде халықаралық деңгейдегі аурухана пайда болады, ол озық технологияларды қолданады және көрші өңір тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді. Осылайша, ескірген төрт түрлі бейінді стационардың орнына жаңа көпсалалы аурухана салынады, онда көпсалалы тәсіл іске асырылатын болады, бұл бірнеше облыс тұрғындарына қолжетімді, уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Жобаның шамамен құны 330 миллиард теңгені немесе 365 миллион еуроны құрайды», – деп толықтырды Нұрлан Ахильбеков.
Сондай – ақ, жеке инвестициялар есебінен «Қосшы қаласында 1000 келушіге арналған емханасы бар көпбейінді аурухана салу және пайдалану» жобасын іске асыру жоспарланған, жобаның құны-27,8 млрд теңге. Жеке әріптес «Viamedis» ЖШС болып табылады, іске асыру кезеңі –2026 жылға дейін.
Айта кетері, облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 561 нысан, оның ішінде стационарлық көмек көрсететін 3 ұйым, 530 амбулаториялық — емханалық нысан жұмыс істейді. Жалпы, облыста сын-қатерлерге қарамастан денсаулық сақтау саласында тұрақты дамудың интеграциясы байқалады. Инфрақұрылымға инвестиция салу облыс тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыруды және жақсартуды қамтамасыз етеді деп түйіндеді басқарма басшысы.