ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмаржал Әлназарова жұмыс сапары барысында Ақмола облысының бірқатар медициналық ұйымдарға барды. Ол медициналық мекемелердің жағдайымен танысып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.

Министр өңірдегі сапарын Аршалы ауданындағы Жібек Жолы ауылындағы отбасылық денсаулық орталығынан бастады. Қазіргі уақытта орталық 1 жарым мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді және күніне 50 адамды қабылдауға арналған. Жалпы, мекеме кең ауқымды медициналық көмек көрсетеді. Орталықта стационарды алмастыратын көмек бөлімі мен дәріхана пункті бар. Ақмарал Әлназарова орталықтың қызметін оң бағалап, мемлекет Президентінің тапсырмасына сәйкес ауылдық денсаулық сақтауды жақсартуға ерекше көңіл бөлінетнін атап өтті.

Келесі кезекте министр Аршалы аудандық ауруханасының жұмысымен танысты. Аурухана жанында ауысымына 200 қабылдауға арналған емхана және 65 орындық тәулік бойы жұмыс істейтін стационар бар. Биыл денсаулық сақтау мекемесінде күрделі жөндеу аяқталуда. Ақмарал Әлназарова ғимараттың жағдайын, бастапқы медициналық-санитарлық және стационарлық көмек көрсетуді тексеріп, науқастармен әңгімелесті. Сонымен қатар, ведомство басшысы дәрігерлер мен медициналық қызметкерлермен кездесті.

«Биыл Ақмола облысының ауылдарына 2023 жылы келген 110 дәрігерге жалпы сомасы 483 миллион теңгеге жуық бір реттік әлеуметтік қолдау көрсетілді. Медициналық қызметкерлердің әлеуметтік мәселелері кешенді түрде шешіліп, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалдау ақысы мен көтерме төлемдерді төлеу қарастырылған», — деп атап өтті министр.

Тұрғындармен және қоғамдық ұйымдармен кездесуде Ақмарал Әлназарова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің жүзеге асырылуы туралы айтты. Қазіргі уақытта бірыңғай медициналық көмек пакетінің жобасы әзірленіп, бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмыстары жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков өңірдегі медициналық саланың дамуындағы негізгі нәтижелер туралы баяндады. Оның айтуынша, ауылдық жерлердегі медициналық мекемелердің құрылысы мен жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақмола облысында 38 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанының құрылысы жалғасуда. Қараша айында 11 нысанның құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында өңірде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы ресурстар тарту жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік-жекешелікәріптестік аясында Көкшетау қаласында 630 орындық заманауи көпбейінді облыстық аурухана және Қосшы қаласында 1000 қабылдауға арналған емханасы бар көпбейінді аурухана құрылысы жоспарланған.

«Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту мақсатында биыл жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 4,4 миллиард теңгеге 510 бірлік жабдық сатып алынуда. Сондай-ақ, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржылық лизинг аясында 3,7 миллиард теңгеге 50 жедел медициналық көмек көлігін сатып алу туралы келісімшарт жасалды», — деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Сонымен қатар, Ақмарал Әлназарова тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, негізінен медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, дәрігер кадрларын тарту, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды

«Қазіргі уақытта біз адамға бағытталған медициналық көмек моделін құруға бет бұрдық. Яғни, медициналық қызметтер пациент қай жерде тұрса да, қолжетімді, сапалы және жедел болуы керек. Мұнда біз уақыт пен ресурстарды тиімді пайдалану үшін цифрлық платформалардың мүмкіндіктерін қолданатын боламыз», — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ, ведомство басшысы азаматтарды жеке қабылдау өткізді, онда ол өңір тұрғындарының мәселелерін қарап, тиісті басқармалар мен бөлімдерге оларды шешуге жәрдемдесуді тапсырды.

Камила Абдельманова

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының

баспасөз хатшысы

ГЛАВА МИНЗДРАВА ПОСЕТИЛА МЕДИЦИНСКИЕ ОРГАНИЗАЦИИ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова в ходе своей рабочей поездки посетила ряд медицинских организаций Акмолинской области. Она ознакомилась с состоянием медучреждений, и провела встречу с населением региона.

Глава Минздрава свой визит в регион начала с посещения центра семейного здоровья в селе Жибек Жолы в Аршалынском районе. Сейчас центр обслуживает свыше полутора тысяч человек, и рассчитан на 50 посещений в день. В целом, учреждение оказывает широкий спектр медицинской помощи. При центре имеются отделение стационарозамещающей помощи и аптечный пункт. Акмарал Альназарова положительно оценила деятельность центра и отметила, что сейчас государство в соответствии с поручениями Президента уделяет большое внимание улучшению сельского здравоохранения.

Затем министр посетила Аршалынскую районную больницу. При нём имеется поликлиника на 200 посещений в смену и круглосуточный стационар на 65 коек. В этом году в здравнице завершается капитальный ремонт. Акмарал Альназарова проинспектировала состояния здания, процесс оказания первичной медико-санитарной и стационарной помощи, пообщалась с пациентами. Вместе с этим, глава ведомства встретилась с врачами и медперсоналам.

«В этом году 110 врачам, прибывшим в 2023 году в сёла Акмолинской области оказана социальная поддержка в виде единовременной выплаты на общую сумму почти 483 миллиона тенге.   Комплексно решаются социальные вопросы медиков путем предоставления квартир, оплаты арендных платежей, подъемных», — подчеркнула министр.

На встрече с населением и общественниками министр здравоохранения рассказала о реализации задач, обозначенных Главой государства в его Послании народу Казахстана. В соответствии с этим сейчас идёт разработка проекта Единого пакета медицинской помощи и создание единой государственной медицинской информационной системы. Руководитель областного управления здравоохранения Нурлан Ахильбеков доложил об основных итогах развития медицинской отрасли региона. По его словам, сейчас динамичными темпами идёт строительство ремонт медучреждений в сельской местности. В рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» в Акмолинской области продолжается строительство 38 объектов первичной медико-санитарной помощи. В ноябре запланировано завершение возведения 11 объектов. В рамках исполнения Послания Главы государства в области ведется работа по привлечению ресурсов через механизм государственно-частного партнерства. В рамках ГЧП в области запланировано строительство современной многопрофильной областной больницы на 630 коек городе Кокшетау, и строительство многопрофильной больницы с поликлиникой на 1000 посещений в городе Косшы.

«В целях дальнейшего укрепления материально-технической базы медицинских организаций в текущем году за счет трансфертов общего характера закупается 510 единиц на 4,4 млрд. тенге. В этом году за счет средств местного бюджета в рамках финансового лизинга заключен договор по закупу 50 автомобилей скорой медицинской помощи на 3,7 млрд. тенге», — отметил глава управления здравоохранения.

Вместе с этим, Акмарал Альназарова ответила на вопросы населения, которые в основном касались улучшения качества и доступности медицинских помощи, привлечения врачебных кадров, системы обязательного медицинского страхования, обеспечении лекарственными препаратами.

«Сейчас мы ориентируемся на создание человекоцентричной модели медицинской помощи. То есть медицинские услуги должны быть доступными, качественными и оперативными вне зависимости где проживает пациент. Здесь мы будем использовать возможности цифровых платформ, что эффективно использовать время и ресурсы», — отметила Акмарал Альназарова.

Также глава ведомства провела личный приём граждан. Здесь она рассмотрела вопросы жителей региона и поручила профильным управлениям и подразделениями содействовать в их решении.

Камила Абдельманова

Пресс-секретарь управления

здравоохранения Акмолинской области

By admin

Читайте также