Облыс жеңімпазы анықталды

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 28 ақпаны мен 1 наурыз аралығында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы» облыстық эссе байқауы өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі І орынға Жақсы ауданы Кировское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Молдыбаева Гульмира Сайлауқызы қол жеткізді. Жерлесімізді құттықтаймыз!

By admin

Добавить комментарий

Читайте также