Aqorda 🇰🇿:
⚡️Президент:

«2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндет. Қазір бұл көрсеткіш – 7 пайыз шамасында. Жыл басында мен орта бизнесті қолдау үшін нақты шешімдер қабылдау жөнінде тапсырма бердім. Яғни, жан-жақты шаралар қолға алынуы керек еді. Алайда іс жүзінде әлі дайын емес.

Әр кәсіпкер қолдаудың қандай түрі бар екенін және оған қалай қол жеткізе алатынын еш қиындықсыз біліп отыруы қажет. Сонда шағын бизнес орта бизнес санатына өтуге мүдделі болады. Бізде қазір қолдау шараларының 100-ден астам түрі бар. Бұдан білікті маманның өзі шатасуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік қолдау шараларының қаншалықты тиімді екенін мұқият тексеріп шығу керек.

Ұсынылатын жеңілдіктердің бизнес өкілдеріне түсінікті бірыңғай тізімін әзірлеу қажет. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін финтех тәсілдерін пайдалануға болады, бұл мәселе бойынша тиісті ұсыныстар бар.

Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет. Тасқын судан болған қиыншылықтарға қарамастан, диқандарымыз егін егу жұмысын дер кезінде аяқтады. Оларға зор ризашылығымды білдіремін.

Биыл егіс науқанына екі есе көп қаражат бөлінді. Алайда агроөнеркәсіпке бөлінетін бүкіл ақшаның 70 пайызы – мемлекет қаржысы. Бұл салаға коммерциялық банктердің қаражатын да тарту қажет. Диқандарға өсімі аз несие беру үшін мемлекеттік қаржы институттарын субсидиялау шаралары қолға алынды. Банктерге қатысты осындай тәжірибені қолдану керек. Мұның бәрі шаруаларды айналымға қажетті қаражатпен шұғыл қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға және несие алуды оңтайландыруға жол ашады»

t.me/aqorda_resmi

⚡️Президент:

«Перед Правительством поставлена важная задача: увеличить к 2029 году долю среднего бизнеса в экономике до 15%. Сегодня данный показатель составляет около 7%. В начале года я поручал принять конкретные решения, направленные на поддержку среднего бизнеса. Подразумевалось, что будут выработаны пакетные меры. Однако их до сих пор нет.

Каждый субъект предпринимательства должен легко ориентироваться и знать, какие есть виды поддержки, как он их может получить. Тогда малый бизнес будет больше заинтересован в переходе в категорию среднего. Сейчас же у нас более 100 мер поддержки, в которых запутается даже сильный специалист. Поэтому следует провести их ревизию на предмет эффективности и сформировать единый понятный бизнесу список преференций и льгот.

Для развития малого и среднего бизнеса можно использовать инструменты финтеха, соответствующие предложения по данному вопросу имеются.

Крайне важная задача – привлечение инвестиций в агропромышленный комплекс. Несмотря на последствия паводков, наши аграрии своевременно завершили посевную кампанию, за что выражаю им большую благодарность.

В этом году финансирование весенне-полевых работ было увеличено в два раза. Но в целом финансирование АПК на 70% осуществляется за счет государства. В отрасль необходимо привлечь и средства коммерческих банков. Проведена работа по субсидированию государственных финансовых институтов для выдачи кредитов аграриям по сниженной ставке. Данный опыт нужно распространить на банки. Это позволит оперативно обеспечивать фермеров необходимыми оборотными средствами, снизить коррупционные риски и упростить процедуру получения кредитов»

t.me/aqorda_resmi

By admin

Читайте также