Мемлекет басшысы:

«Экономиканы қарқынды дамыту үшін тек мемлекет қаржысына сүйену жеткіліксіз екені анық. Жеке инвестициялар тарту арқылы іскерлік белсенділіктің артуына қолайлы жағдай жасаған жөн. Ол үшін, ең алдымен, салық саясаты тұрақты болуға тиіс. Сонда бизнес те сапалы дамуға ынталы болады және жауапкершілікпен жұмыс істейді.

Жаңа салық кодексі қазіргі жүйені қайта жаңғыртуға арналған. Бұл құжат салықтық әкімшілендіру ісінің салық төлеушілерге деген сенімге негізделген мүлде жаңа жүйесін қалыптастыруға тиіс. Кодекстің ережелерін әркім әрқалай қабылдамауы үшін оны жеңілдетіп, экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтың бәріне бірдей түсінікті ету өте маңызды.

Салық режимдерін кәсіпкерлерге жасалған қолайлы жағдайдың нашарлап кетпеуін ескере отырып, оңтайландырған жөн. Бөлшек салықтың енгізілуін мысал ретінде айтуға болады. Осы нормаға сенім артқан кәсіпкерлер қызметін ашық жүргізе бастады, кәсіптерін бөлшектеуді азайтты. Алайда бұл режим негізінен халықпен тікелей жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қатысты болуға тиіс.

Тұтынушыларға арналған қызметтер мен сауда-саттықтың мүмкіндіктері толық пайдаланылса, экономиканы дамыту, салық түсімдерін арттыру және халықты жұмыспен қамту шаралары тезірек нәтиже береді.

Фискалды реформа табысты болсын десек, салықтық әкімшілендіру ісін жаппай цифрландыру керек. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сын-қатерлерді барынша азайтып, салық саласындағы үдерістердің ашық болуын қамтамасыз ету үшін оны тезірек электронды форматқа көшірген абзал. Бүкіл салық саясатын жиі өзгеріп жатқан фискалды ахуалға бейімдеу керек, соның ішінде салық мөлшерлемесін де қайта қараған жөн»

t.me/aqorda_resmi

 

️Глава государства:

«Очевидно, что одних лишь государственных финансов для обеспечения динамичного экономического роста недостаточно. Нужно создать благоприятные условия для повышения деловой активности через привлечение в экономику частных инвестиций. Для этого прежде всего необходима стабильная налоговая политика, стимулирующая качественное развитие и ответственное поведение бизнеса.

Перезагрузить существующую систему призван новый Налоговый кодекс. Кодекс должен быть нацелен на выстраивание принципиально нового налогового администрирования на основе доверия к налогоплательщикам. Крайне важно упростить Кодекс, сделать его положения понятными для всех экономически активных граждан, чтобы исключить возможности различного толкования норм.

Нужно оптимизировать налоговые режимы, не ухудшая при этом действующие выгодные условия для предпринимателей. В качестве примера можно привести введение розничного налога. Бизнес поверил в эту норму, стал выходить из тени, уменьшилось дробление. Но под данный режим должны подпадать предприниматели, которые работают преимущественно с населением.

Полноценное раскрытие потенциала именно потребительских услуг и торговли может дать необходимый быстрый эффект с точки зрения экономического роста, увеличения налоговых поступлений и обеспечения занятости.

Для достижения успеха фискальной реформы нужно осуществить тотальную цифровизацию администрирования. Чтобы нивелировать коррупционные риски и обеспечить прозрачность, следует ускорить перенос процессов в налоговой сфере в электронный формат. Желательно адаптировать всю налоговую политику к меняющимся фискальным условиям, включая пересмотр налоговых ставок»

t.me/aqorda_resmi

By admin

Читайте также