«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 1 қыркүйекте Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында мектеп-гимназиясы мен IT-лицейі оқушыларға есіктерін айқара ашты. Жаңа оқу жылында 100-ден астам педагог 1800-ге жуық оқушыға сапалы білім бермек.
Білім ошақтары 3 қабатты. Кабинеттердің барлығы заманауи жабдықтармен жабдықталған. Сапалы білім беру үшін мұнда барлық жағдай жан-жақты жасалған.
Интерактивті тақталары бар пәндік кабинеттерден бөлек, шеберханалар мен зертханалар да бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мектеп-гимназиясының оқушыларын Білім күнімен құттықтады.
«Елордаға іргелес жатқан Целиноград ауданында халықтың көші-қонына және демографиялық өсуге байланысты ұзақ уақыт бойы оқушы орындарының тапшылығы байқалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» жобасы мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешеді, оқушылар мен педагогтар үшін қолайлы жағдай жасайды және қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтады. Өскелең ұрпақтың үйлесімді және бақытты балалық шағы — біздің жалпыұлттық міндетіміз. Сіздерге сәттілік пен жарқын жеңістер тілеймін!», — деді облыс әкімі.
Мектептердің салтанатты ашылу шарасына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов те қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.
«Қазір білім беру саласына ерекше көңіл бөлінуде. Біздің ауылда жаңа мектептер салынып жатқанына куә болдық. Оқу бір ауысымда болады, ал түскі астан кейін балалар үйірмелер мен спорт секцияларына қатыса алады», — деді мектеп-гимназиясы ата-аналар комитетінің төрағасы Құттыбай Байғабылов.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында өңірде 3 мектеп ел игілігіне берілді. Оның 2-уі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы 11 білім беру мекемесі ашылады деп жоспарланып отыр. Оның 7-уі «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеруде.
Өңірде 528 мектеп бар. Онда 150 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 13 мыңға жуық бірінші сынып оқушылары.
В рамках Национального проекта «Комфортная школа» 1 сентября распахнули свои двери школа-гимназия и IT-школа в селе Талапкер Целиноградского района. Учебный год в них начнут около 1800 школьников, которых будут обучать более 100 педагогов.
Трехэтажные здания учебных заведений оснащены современным оборудованием, созданы все условия для качественного обучения. Помимо предметных кабинетов с интерактивными панелями, в школах предусмотрены мастерские и лаборатории. Для обеспечения безопасности детей установлены камеры видеонаблюдения, турникеты, тревожные кнопки.
Учеников школы-гимназии с Днём знаний поздравил аким Акмолинской области Марат Ахметжанов.
«В Целиноградском районе, прилегающем к столице, в связи с миграцией населения и демографическим ростом в течение длительного времени в школах был дефицит ученических мест. Проект «Комфортная школа», инициированный Президентом Касым-Жомартом Токаевым, решает проблему нехватки мест в школах, создает комфортную среду для учащихся и педагогов и снижает разрыв в качестве образования между городскими и сельскими школами. Гармоничное и счастливое детство подрастающего поколения – наша общенациональная задача. Желаю только успехов и побед!»
С открытием школ поздравили министр здравоохранения Акмарал Альназарова и депутат Мажилиса Парламента Асхат Аймагамбетов.
«Сейчас сфере образования уделяется особое внимание. Мы были свидетелями, как в нашем селе строились новые школы. Обучение будет в одну смену, а после обеда дети смогут заниматься в кружках и спортивных секциях», – сказал председатель родительского комитета школы-гимназии Куттыбай Байгабулов. К слову, в новом учебном году в регионе открылись 3 школы, 2 из них построены по национальному проекту «Комфортная школа». Кроме того, до конца текущего года планируется открыть 11 учреждений образования, 7 из которых по проекту «Комфортная школа».
Всего в 528 школ области учатся более 150 тысяч школьников, из них порядка 13 тысяч первоклассников.