Бастапқыда екпемен 11 жастағы 175 мыңнан астам қызды қамту жоспарлануда. Әлемде бұл екпеге сұраныс өте жоғары. Бүгінгі таңда 125-тен астам ел өздерінің ұлттық егу күнтізбесіне осы екпені енгізді. Орталық Азиядағы көрші елдердің ішінде екпені Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан енгізген.
Бұл туралы Ақмола облысы СЭБД басшысының міндетін атқарушы Серік Омарханов айтып берді, — деп хабарлайды өңірлік коммуникациялр қызметі.
Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар статистикасы бойынша сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр.
Ақмола облысында 2023 жылы жатыр мойны обырының 109 жағдайы, 2022 жылы 87 жағдай, 2024 жылдың 7 айында 50 науқас әйел тіркелген. Жыл сайын ауру көбейіп келеді, сонымен қатар 2023 жылы 36 әйел, 2022 жылы 33 әйел қайтыс болған.
Серік Омархановтың айтуынша, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1700-ге жуық жаңа жағдайы және осы аурудан 600-ге жуық өлім-жітім тіркеледі. Ауру ұзақ инвазивті кезеңмен баяу және негізінен жергілікті өсумен сипатталады, яғни оны ерте кезеңде тек тұрақты скринингтердің көмегімен анықтауға болады.
Спикер сонымен бірге жатыр мойны обыры екпе арқылы алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік екенін атап өтті. Екпе ата-анасының келісімімен сертификатталған вакцинамен жүзеге асырылады. ДДҰ 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың кем дегенде 90% АПВ қарсы егуді ұсынады. Бұл скринингпен және ерте емдеумен бірге 2045 жылға қарай жаңа ЖМО жағдайларын 42%-ға азайтып, 2070 жылға қарай бүкіл әлем бойынша 14 миллион өлім-жітімнің алдын алуы керек.
АПВ-ға қарсы вакцинация есептік деректер бойынша алдағы 100 жылда 45 миллионнан астам өлім-жітімнің алдын алады.
«2024 жылдың басынан бері халық арасында АПВ қарсы вакцинациялаудың пайдасы туралы белгілі бір ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Білім бөлімдерімен және білім беру мекемелерінің басшыларымен «Ақмола облысы бойынша адам папилломасы вирусына қарсы 11 жастағы қыздарды вакцинациялауды енгізу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жоспарды» іске асыруды қамтамасыз ету бойынша меншік нысанына қарамастан орта мектептер базасында жұмыс кеңестері ұйымдастырылып, өткізілуде» — деп спикер сөзін қорытындылады.
Изначально планируется охватить более чем 175 тысяч девочек в возрасте 11 лет. Спрос на данную вакцину в мире очень высокий. Сегодня практически более 125 стран внедрили в свой национальный календарь вакцинации эту прививку. Наши соседи из Центральной Азии, как Узбекистан, Кыргызская Республика, Туркменистан, вакцинацию уже внедрили.
Об этом рассказал в ходе брифинга исполняющий обязанности руководителя ДСЭК Акмолинской области Серик Омарханов, передает региональная служба коммуникации.
В Казахстане рак шейки матки занимает второе место после рака молочной железы по статистике онкологических заболеваний среди женщин.
В Акмолинской области за 2023 год зарегистрировано 109 случаев рака шейки матки, за 2022 год 87 случаев, за 7 месяцев 2024 года – 50 заболевших женщин. Ежегодно заболеваемость растет, кроме того, в 2023 году умерло 36 женщин, в 2022 году 33 женщины.
По словам Серика Омарханова, ежегодно в Казахстане регистрируются около 1700 новых случаев рака шейки матки и около 600 случаев смертельных исходов от этого заболевания. Заболевание отличается медленным и преимущественно местным ростом с длительным преинвазивным периодом, а значит выявить его на ранней стадии возможно только с помощью регулярных скринингов.
Также спикер подчеркнул, что рак шейки матки – это единственный вид рака, который можно предотвратить с помощью вакцинации. Вакцинация будет проводиться сертифицированной вакциной с согласия родителей. ВОЗ рекомендует к 2030 году привить от ВПЧ не менее 90% девочек в возрасте до 15 лет. Это, наряду со скринингом и ранним лечением, должно сократить количество новых случаев РШМ на 42% к 2045 году и предупредить 14 миллионов смертей к 2070 году по всему миру.
Вакцинация против ВПЧ по расчетным данным должна предотвратить в следующие 100 лет более 45 миллионов смертей.
«С начала 2024 года проводится определенная информационно-разъяснительная работа среди населения о пользе вакцинации против ВПЧ. Организованы и проводятся рабочие совещания с отделами образования и руководителями образовательных учреждений по обеспечению реализации «План по внедрению вакцинации девочек 11 лет против вируса папилломы человека по Акмолинской области на 2023 – 2025 годы» на базе средних школ независимо от форм собственности»- заключил спикер.