Ақпарат, қызмет бағыттары бойынша Ақмола облысының Әділет департаментінің атқарылған жұмыстары туралы

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1093 қаулысымен Әділет министрлігінің жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру жөніндегі функциясы аумақтық әділет органдарына берілген болатын. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері әділет департаментіне тіркеуге жіберіледі. Бұл туралы бүгінгі брифингте Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы Баукен Әлмеш баяндап берді.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Әділет департаментіне келісуге жергілікті мемлекеттік органдардың 516 НҚА жобасы келіп түскен. Оның ішінде: есепті кезеңде 13 НҚА-ға қатысты 13 ұсыныс енгізілді.

Әділет департаменті нотариустардың қызметтерін ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік беретін шаралар қабылдады. Мысалы, қазір жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау объектінің орналасқан жеріне байланысты емес.

Бұрын, егер жылжымайтын мүлік басқа қалада болса, ол бойынша мәмілені осы қалада жұмыс істейтін нотариустан рәсімдеу және барлық қажетті құжаттарды ұсыну қажет болатын. Ал қазір, сандық технологиялар басқа қалаға бармай-ақ жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ спикер Баукен Әлмеш Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері едәуір қысқартылғанын және бірқатар электрондық мемлекеттік қызметтерді санаулы сағаттарда алуға болатындығын  да атап өтті.

«Электрондық қызметтердің арқасында қазіргі уақытта облысымыздың шалғай аудандарының тұрғындары интернет арқылы бірқатар қызметтерді ала алады» — деп спикер өз сөзін аяқтады.

 

By admin

Добавить комментарий

Читайте также