Ақмола облысында экономика және бюджеттік жоспарлау қалай жүзеге асырылуда

 

Бұл жайында Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының м.а Әсет Құрманғожин баяндап берді.

Жалпы, есепті кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша оң динамика байқалады.

Ақмола облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары 1 трлн өнім өндірген. Ауыл шаруашылығында өнім шығару артқан.

Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарының көлемі, сауда, көлік және қоймалау қызметтері бірнеше есеге дейін ұлғайды.

Осы жылдың 7 айында 276,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, осылайша 2,5 мыңнан астам отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартқан.

16 382 жаңа жұмыс орны экономиканың барлық салаларында құрылды, жұмыссыздық деңгейі төмендеді.

Орташа жалақы 12,9% — ға өсіп, 321 мың теңгеге жетті.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті бюджет шығыстарын оңтайландыру жүргізілді. Талдау арқылы мәдениет және спорт, туризм, ішкі саясат және ТКШ саласында шамамен 4 млрд. теңге сомасында қаражат қысқартылған.

Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында 2020 жылдан бастап облыста мемлекеттік кірістер түсімдерін ұлғайту жөніндегі жоспар іске асырылуда.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бюджетке қосымша түсімдер 3,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңіне 1,6 млрд. теңгеге дейін өскен.

 

By admin

Добавить комментарий

Читайте также