Қасым-Жомарт Тоқаев:

 

«Табиғат апатын еңсеретін күн алыс емес. Топан су кеткен соң одан зардап шеккен аймақтар қалпына келтіріледі. Ең алдымен, азаматтарға шығындарын өтеу үшін тиісті өтемақы төленеді. Үй-жай құрылысы басталады, баспана беріледі, бүлінген инфрақұрылым жөнделеді. Осы қыруар жұмыс өте аз уақытта, яғни жаз бен күздің 5-ақ айында аяқталуға тиіс. Бірақ біз бірлесіп, бұл шаруаны абыройымен атқарып шығамыз деп сенемін.

Алапат тасқынның кесірінен мыңдаған адам мал-мүлкінен айырылып, табыссыз қалды. Сондықтан мемлекет азаматтарды қолдау үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Зардап шеккен әр шаңыраққа бір реттік көмек беріледі. Бұдан бөлек, шығынды санағаннан кейін жойылған немесе зақымдалған мүлік үшін де өтемақы беріледі. Мемлекет бүлінген баспаналарды жөндейді, қирап қалған үйлердің орнына жаңасын салады.

Сонымен бірге өзен жағасына үй салу қауіпті, оны қайтадан су шайып кетуі мүмкін екенін ескерген жөн. Сондықтан құрылыс салатын жерді таңдағанда елді мекеннің гидрологиялық және географиялық ерекшелігін қаперде ұстаған абзал. Әкімдіктер тиісті ереже талаптарын қатаң сақтауға тиіс. Алдағы ауқымды құрылыс жұмыстары жұртқа жаңа мүмкіндіктер береді деп ойлаймын»

Касым-Жомарт Токаев:

«Наша общая победа над природной стихией не за горами. После ухода большой воды начнется реконструкция пострадавших регионов. Прежде всего гражданам будет выплачена компенсация за ущерб, начнется строительство домов и выделение квартир, восстановление разрушенной инфраструктуры. На эту огромную работу выделен короткий срок – 5 летних и осенних месяцев. Но уверен, сообща справимся.

В результате этих масштабных паводков тысячи людей потеряли свое имущество, остались без источника дохода. Поэтому государством принимаются адресные меры поддержки граждан. Все пострадавшие получат единовременную выплату на семью. После оценки ущерба им будут выплачены компенсации за поврежденное или уничтоженное имущество. Государство отремонтирует поврежденное жилье и построит новое жилье вместо разрушенного.

При этом следует учесть, что строительство жилья в поймах рек заведомо несет риски повторного затопления и уничтожения. Поэтому определять места застроек новых районов нужно с учетом гидрологических и географических особенностей того или иного населенного пункта. Акиматы должны строго соблюдать требования соответствующих правил. Считаю, что предстоящее масштабное строительство создаст новые возможности для граждан»

t.me/aqorda_resmi

By admin

Добавить комментарий

Читайте также