Мемлекет басшысы: Глава государства:

 

«Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген аймақтарында алапат су тасқыны болып жатыр.

Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы. Соған сай Үкімет барлық қажетті іс-әрекеттерді жасап жатыр, тиісті қаражат бөлінді, ірі компаниялар мен бизнес өкілдері қол ұшын беруде.

Осыған дейін де айттым, жойқын су тасқынынан бұзылған үйлерді қалпына келтіру, зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз ету – дәл қазір Президент ретінде менің алдымда тұрған аса маңызды міндет. Сондықтан мен елімізде бұрын жоспарланған халықаралық іс-шараларды қысқарту туралы нақты тапсырма бердім.

Биыл Астана халықаралық форумын өткізбейтін болдық. Әрине, бұл – елімізге қажет, өте маңызды жиын. Дегенмен оны кейінге қалдыра тұруға болады. Ал кезек күттірмейтін кездесулер мен іс-шаралардың жөні бөлек. Бұл ел игілігі үшін керек.

Ассамблея сессиясы жыл сайын Бірлік күні қарсаңында өтеді. Ал биылғы басқосу мемлекетіміз үшін күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Шын мәнінде, бұл сессияны дәл осы кезде өткізудің мәні зор. Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Бұған осы күндерде көзіміз жетті деуге болады»

 

 

«Сегодня весь мир вступил в эпоху катаклизмов и Казахстан не является исключением. Во многих регионах нашей страны происходят беспрецедентные паводки.

Самая главная для нас задача – обеспечение безопасности граждан. Для этого Правительство принимает все необходимые меры, выделены соответствующие средства. Свою помощь оказывают крупные компании и представители бизнеса.

Я уже говорил, что сейчас приоритетной задачей, стоящей передо мной как Президентом, является восстановление поврежденных природной стихией домов, возвращение пострадавших граждан к нормальной жизни. Поэтому мною дано конкретное поручение сократить ранее запланированные в стране международные мероприятия.

Международный форум Астана в текущем году не состоится. Конечно, это нужный и важный для нас форум, но его все же можно отложить. Другое дело – встречи и мероприятия, которые имеют первостепенное значение для благополучия страны.

Сессии Ассамблеи всегда проводились в преддверии Дня единства. Сегодняшняя сессия проходит на фоне сложной ситуации. Но эта встреча необходима нам именно в данный момент, поскольку обстоятельства подтверждают непреходящую актуальность наших главных ценностей – единства и солидарности»

t.me/aqorda_resmi

By admin

Добавить комментарий

Читайте также