Мемлекет барлық мобильді аударымдытексермейді.
Мобильді аударымдарды тексеру не үшінқажет?
Мобильді аударымдарды тексеру заңсызкәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруғабағытталған, – депхабарлайды Aikyn.kz Мемлекеттік кірістеркомитетіне сілтеме жасап.
Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарларнемесе қызметтер үшін төлемді мобильдіаударымдар арқылы алады. Алайда, бұлаударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтардықолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектерберілмейді және тұтынушылардыңқұқықтары бұзылады.
Айта кету керек, мемлекет барлық мобилдіаударымды тексермейді.
Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильдіаударым алған тұлғалар ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалғанжағдайда тексеру жүргізіледі.
Туыстар мен достарға ақша аударуға бола ма?
Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жекемақсаттары үшін: туыстарына, достарына, ата-аналарына, балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға байланысты мобильдіаударымдар жасай және қабылдай алады. Бұған қатысты ешқандай шектеу жоқ.
Кейбір кәсіпкерлер қолма-қол ақшасызтөлемдерді қабылдаудан бас тартып, текқолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етебастады, бұл қаншалықты заңды?
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңыныңнормаларына сәйкес түрлі төлем тәсілдеріқарастырылған – банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қолақшамен (25-бап).
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауданбас тарту заңсыз болып табыладыжәне тұтынушылардың құқықтарын бұзады.
Кәсіпкерлердің төлем карточкаларынпайдалана отырып төлемдерді қабылдауданбас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілікжауапкершіліккетартылып, ескерту жасалады, ал қайталапбұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 194-бабы).
Егер кәсіпкер қолма-қол ақшасыз төлемқабылдаудан бас тартса, қайда жүгінугеболады?
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауданбас тарту фактілері туралы тұрғылықты жерібойынша мемлекеттік кірісоргандарына жүгіну қажет.
Ал мысалы, такси жүргізушілері не істеуікерек? Олар кассалық аппаратты өздеріменбірге алып жүре алмайды ғой.
Жеке тасымалдаушылар жеке кәсіпкерретінде тіркелуі керек. Мұны «e-SalyqBusiness», «Egov Mobile» және кейбір екіншідеңгейдегі банктердің мобильдіқосымшалары («Halyq bank», «Kaspi bank», «BankCenterCredit») арқылы жасауға болады.
Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдердіқабылдау үшін онлайн режиміндекәсіпкерлік банк шотын ашуға болады, солжерге көрсетілген қызметтер үшін төлемдертүседі. Ол үшін сізге тек смартфон қажет. Кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды алып жүрудің қажеті жоқ.
Бұл бастама кәсіпкерлердің «көлеңкеге» кетуіне әкеп соқпай ма?
Қазіргі таңда салықтық міндеттемелерді адалорындау әлдеқайда тиімді.
Бүгінде бизнес жүргізуге және оны дамытуғақолайлы жағдай жасалған. Салықрежимдерінің тәртібі жеңілдетілді – салық мөлшерлемелері қызмет түрінебайланысты тек 1-4%-ды ғанадейін құрайды.
Егер мұндай жағдайда кәсіпкер мобильдіаударымдар қабылдаса, онда ол қазірдіңөзінде «көлеңкеде» қалып, салықбақылауына түседі.
Бұл ретте мобильді аударымдарды тексеруадал салық төлеушілерге әсер етпейді.
Осылайша, әділдік және міндетті салық салу принциптері жүзеге асырылады. Яғни, барлық салық төлеушілер тең болуы жәнеалынған табыстан салық төлеуі тиіс.
https://aikyn.kz/260893/mobildi-audarymdar—tekseris-kimderge-zhurgiziletini-belgili-boldy