Жақсы ауданында 2023 жылы  ономастика бойынша атқарылған жұмыстары туралы

 

 

 

 

Ұлттық ономастика мәселесі қазіргі таңда үлкен саяси – идеологиялық мәнге ие болып отыр.

Жақсы ауданында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекен мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі Жол картасы бойынша 2023 жылға қойылған жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Солардың ішінде аудан көлемінде 10 көшенің және 1 ауылдық округтің атауын өзгерту жөнінде ауыл, ауылдық округ әкімдерімен жұмыстар жүргізілді.

Жақсы ауданындағы 1 ауылдық округ (Тарасов ауылдық округін Ақжар ауылдық округіне),    2 елді мекен (Тарасов ауылын Ақжар ауылына, Моховое ауылын Ақсу ауылына) және  10 көшенің (Тарас аулының 25 лет Целины Абай көшесіне, Корчагина көшесін Ахмет Байтұрсынов көшесіне, Комсомольская көшесін Атамекен көшесіне, Молодежная көшесін Бейбітшілік көшесіне, Зеленая көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне, Островского көшесін Тәуелсіздік көшесіне; Киев ауылының Молодежная көшесін Жастар көшесіне, Парковая көшесін Саябақ көшесіне; Жақсы ауылының Пионерская көшесін Әл-Фараби көшесіне, Октябрьская көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне) атауын өзгерту мәселесін облыстық ономастика комиссиясында қарастыруға құжаттар жіберілді.

Халық қойған әрбір жер атауы – сол жердің тарихи паспорты іспеттес.  Сондықтан, Қызылсай ауылдық округінің орталығы Кировский ауылының атын тарихи – географиялық деректерге сүйене отырып Қаражон атауына өзгерту туралы ұсынысты жергілікті халықпен келісе отырып шешкен болатынбыз. Осы туралы құжаттар да облыстық ономастика Комиссиясының қарауында.

Жалпы аудан бойынша 274 көше бар, оны ішінде 74 көшенің атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар, биылғы жылы 10 көше атауын өзертсек, алдағы жылдары 54 көшенің атауы бірте бірте өзгеретін болады, сонымен қатар, елді мекендердің де атын өзгерту бойынша жұмыстар жалғасын табады.

 

 

Ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт

 бөлімі басшысының м.а.

 А.Торткарина

 

By admin

Добавить комментарий

Читайте также