Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы«Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткенМемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Ең алдымен, Құрмет қарауылы ротасының бастығы рәсімгедайындығы жөнінде Президентке рапорт берді. Соданкейін Мемлекеттік әнұран шырқалып, Көкбайрағымыз көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауымдымемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, оларегемендік пен елдіктің ең басты белгісі екенін атапөтті.
«Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – күллі халқымызға қастерлі нышандар. Біз үшінтәуелсіздік – ең қымбат құндылық, ал туымыздыңасқақ желбірегені – аса биік мәртебе. Батыр бабаларымыз сын сағатта әрдайым бір тудың астындажиналған. Бөрілі байрақ күллі түркі жұртынбіріктірген. Абылай ханның ақ туы бүкіл қазақтыңбасын қосқан. Алаш туы арыстарымыздың жігерінжанып, намысын қайраған. Біз бабаларымыздыңдаңқты жолын жалғастырып келеміз. БайрағымызБіріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны ғарышкерлеріміз көк жүзіне көтерді. Альпинистерімізәлемнің ең биік шыңдарына орнатты. Спортшыларжеңіс тұғырынан желбіретіп, Әнұранымыздышырқатты. Күллі әлем Қазақ елін көк байрағынақарап танитын болды», – деді Мемлекет басшысы.
Президент қастерлі нышандарымызды құрметтеуәрбір азаматтың перзенттік парызы екеніне назараударып, бүгінгі салтанатты рәсімнің тағылымдықмән-маңызына тоқталды.
«Біз асыл құндылықтарымызды аяқ асты етуге жолбермейміз. Биыл мемлекеттік рәміздерді қорлағанадамдарды жазалау шаралары күшейтілді. Түсіндіружұмыстарына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Отаншылдық мемлекеттік рәміздерді қастерлеуденбасталады. Біз ұлттық нышандарымызды ұлықтауарқылы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетеміз. Оларды отансүйгіштік, жасампаздық рухтатәрбиелейміз. Сондықтан бүгінгі салтанатты рәсімніңтағылымдық, тәрбиелік мәні айрықша», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент мемлекеттік рәміздертарихымызды, өзіндік болмысымызды жәнехалқымыздың жарқын болашаққа ұмтылысынайғақтайтынын атап өтті.
«Мемлекеттік рәміздерде бүкіл Қазақстан халқынбіріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігіміздінығайтатын құдыретті күш бар. Айтулы мерекелермен әлемдік дүбірлі спорт сайыстарында жеңіскежеткен кезде жүрегімізде Отанға деген сүйіспеншілікоты лаулап, елімізге деген мақтаныш сезімі пайдаболады. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз жәнеӘнұранымыз – мемлекетіміздің мәртебесі, халқымыздың ар-намысы. Олар алға қарай нық қадамбасып, биік мақсаттарға қол жеткізу жолында күш-жігер береді», – деді Президент.
Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқуорындарының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ЖоғарғыБас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды.
Шара соңында Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің Құрметқарауылы роталары Президент пен жиналған қауымалдынан салтанатты маршпен жүріп өтті.
Ту көтеру рәсіміне Парламент Мәжілісінің төрағасыЕрлан Қошанов, Премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов, мемлекеттік органдар басшылары, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволықжәне оларға теңестірілген өзге де наградаларгеральдикасы мәселелері жөніндегі республикалықкомиссия мүшелері, жоғары әскери оқу орындарыныңкурсанттары мен олардың туыстары қатысты.
https://www.inform.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-tu-koteru-rasimine-katysty_a4074989