Президент: Реформаларымыздың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әрбір мемлекеттік қызметші өзіне орасан зор міндет жүктеліп отырғанын сезінугетиіс. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан – осы геосаяси аймақта ауқымды, демократияны арқау еткен реформалар жолына түскен бірден-бір мемлекет. Сондықтан бізге оңай болмайды. Бірақ бұл жолды қалайда жүріп өтуге тиіспіз. Ендіжұмысқа жұмыла кірісеміз. Осында отырған әрбірмемлекеттік қызметші өзіне орасан зор міндетжүктеліп отырғанын сезінуге тиіс. Бұл – ең алдымен, барша Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілік. Сіздердің шешімдеріңіз бен іс-әрекеттеріңіз елдің бүгіні мен болашағына тікелейәсер етеді», — деді Мемлекет басшысы.

Сондықтан Президент күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмеу керектігін қатаң ескертті.

«Сіздер мемлекетшіл-реформатор болуларыңыз қажет. Реформаларымыздың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту. Ол үшін тұрғындардың табысынкөбейту керек. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Азаматтардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалуға тиіс. Мұның бәрін мықты нарықтық экономика болса ғана, табысты жүзеге асыра аламыз», — деді Қасым-ЖомартТоқаев.

https://www.inform.kz/kz/prezident-reformalarymyzdyn-tupki-maksaty-halyktyn-omirin-zhaksartu_a4058466

By admin

Добавить комментарий

Читайте также