Сайлаудан соң елді үлкен өзгерістер күтіп тұр – Кандидат Әуесбаев дауыс берді

 

 

Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кандидат таңғы сағат 7.40-та Көктал шағын ауданында орналасқан N198 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

 

Көңіл күйім жақсы. «Бұл сайлаудан күтесіз?» деген сұраққа жауап беретін болсам, бәрі ойдағыдай өтсе, алда үлкен жақсы өзгерістер күтіп тұр. Өз сайлау учаскеме азаматтық парызымды өтеп, дауыс беруге келдім, — деді Нұрлан Әуесбаев.

Айта кетейік, бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.

 

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне алты кандидатты тіркеді.

Парламенттегі билікшіл үш партия мен ондаған қоғамдық ұйым біріккен «Халық» коалициясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Аманат» кәсіподақтар бірлестігі атынан Жигули Дайрабаев.

«Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы» атынан Қарақат Әбден.

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Салтанат Тұрсынбекова.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Нұрлан Әуесбаев.

Еске сала кетейік, биыл сайлауда дауыс беру бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген графа енгізіліп отыр.  Тағы бір ескеретін жайт, сайлау туралы заңға сәйкес, президенттікке үміткер болып тіркелу үшін кандидат өзін жақтаған кемінде 118 мың сайлаушының қолын жинап, тапсыруы тиіс деген талап қойылды.

Ел президентін таңдауға қатысатын сайлаушылардың ресми саны — 11 950 485 адамға тең.

 

By admin

Добавить комментарий

Читайте также