Бұл туралы Испанияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елші Президенттің жеті жылға сайлану мерзіміне қатысты пікірін алға тартты.
Әдетте өте күрделі шешімді қабылдау неғұрлым ұзақ мерзімді қажет ететіні белгілі. Мұндай ұзақ уақыттың керек еместігін жоққа шығарып, өзгерістерге бет бұрған азамат – жақсы көшбасшы деп ойлаймын. Бұл шешім (президенттің жеті жылға сайлануын – ред.) – оң өзгеріске алып келеді, — деп атап өтті Төтенше және өкілетті елші шетелдік дипломатиялық корпусқа арналған бірлескен брифингтен соң берген сұхбатында.
Айтуынша, Испания Корольдігінен бақылаушылар елімізде өткен сайлауларға бұған дейін де қатысқан.
Испанияда дауыс беру пункттері жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Біз Қазақстанға бақылаушы болып келетіндерге қолдау көрсетеміз. Испания тарапынан Қазақстандағы Президент сайлауына екі бақылаушы қатысады. Бұл алғашқы рет қатысуымыз емес. Бұған дейін өткен сайлауда да біздің тарапымыздан бақылаушылар келген еді, — деді Монтенегро.
Еске сала кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы елдегі дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған жиында шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанынан 68 сайлау учаскесі құрылғаны туралы айтқан болатын.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/prezidenttin-7-zhylga-saylanuy-on-ozgeris-akeledi-dep-oylaymyn-ispaniyanyn-qazaqstandagy-elshisi-291914/