Президент сайлауына үміткер ретінде әйел-кандидат ұсынылды

 

Президент сайлауына үміткер ретінде әйел-кандидат ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткер ретінде әйел-кандидат ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жиыны өтті.

Жиын барысында «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің алдыға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру жолында және ұлттық деңгейде әлеуметтік әлжуаз топтардың проблемаларын көтеріп, олардың мүддесін қорғау мақсатында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбден ұсынылды.

Қарақат Жақсылыққызы Әбден – танымал қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі, 4 бала тәрбиелеп отыр.

1974 жылы Ақмола облысында туған. Мемлекеттік лауазымдарда қызмет еткен, соның ішінде Салық комитеті Орталық аппаратында, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам уақыт.

Астана мәслихатының VI шақырылымының депутаты. Балалар үйі мен нәрестелер үйінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, балалар үйінің 15 тәлімгерінің менторы, тәрбиешісі.

By admin

Добавить комментарий

Читайте также