Нұрлан Әуесбаев: Сайлауалды бағдарламамыз дайындалып жатыр

 

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ЖСДП) президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев сайлауалды бағдарламасының таяу арада дайын болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең дамыған, мысалы Еуропаның Дания, Финляндия, Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланд елдері социал-демократиялық идеологияның принциптерімен жұмыс істеп жатыр. Біз де сол бағытты ұстанамыз», — деді Нұрлан Әуесбаев бүгін Орталық сайлау комиссиясына президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін құжаттарын тапсырғаннан кейін.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты барысында ЖСДП-ның 19-съезінде өзін партияластары 5 кандидаттың ішінен алдағы кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде таңдап алғанын айтты.

«Соған орай жұмысшы тобы құрылды. Сол топ біздің сайлауалды бағдарламамызды дайындап жатыр. Аяқталуға жақын. Дайын болғанда өздеріңізге таныстырамыз», — деді ол.

Айта кетейік, бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізген еді.

 

https://www.inform.kz/kz/nurlan-auesbaev-saylaualdy-bagdarlamamyz-dayyndalyp-zhatyr_a3987985

 

By admin

Добавить комментарий

Читайте также