Бұл туралы бүгін елордада өткен Қазақстан ардагерлер қауымдастығының отырысы барысында белгілі болды, деп мәлімдейді BAQ.KZ тілшісі.
Күн тәртібінде Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының жетекшілері қауымдастық атынан ел Президенттігіне кандидат ұсыну мәселесін талқыға салды.
Әлемдік аренада зор беделге ие ұлдар осы елді жаһан жұртшылығына сыйлы етті. Қазақстанның халықаралық күн тәртібінің үлкен мәселелерінде ұлттық мүддемізге сай ұстанымды үлгі етемін. Бүгінде біз тағы сынақ алдында тұрмыз. Мұнда қазақ мемлекетінің күш-қуаты, халықтың бірлігі сыналады. Осы шақта дауылдың аласапыранынан, хас жаулардың апатынан, алдағы 7 жыл бойы азат Қазақстанды аман болып өтетін көшбасшы қажет. Ардагерлеріміздің байқауынша, мұндай тұлға елімізде бар. Ардагерлер қауымдастығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы шешім қабылдадық, — деп атап өтті Ардагерлер қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл.
Айтуынша, қауымдастық өкілдері Мемлекет басшысы әділетті Қазақстанды құру туралы идеясын жүзеге асыратындығына риясыз сенеді.
Алдағы сайлауда Қазақстан халқы ынтымақ пен бірлікті ту етіп, бір үйдің баласындай жұмыла қатысады деген үміттеміз, — деді қауымдастық басшысы.
https://baq.kz/qazaqstan-ardagerler-qauymdastygy-prezidenttikke-kandidatty-usyndy-288819/