🚙 *Қысқы жолдағы қауіпсіздік: қар тазалайтын техникаға жол берейік*

Алдағы күндері жауын-шашынның, оның ішінде қардың күшеюі ықтимал. Осыған байланысты автожолдарда қар тазалайтын арнайы техниканы көрген кезде жүргізушілерден төмендегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.

☑ Жол жабындысын қардан аршу барысында снегоочистительдер, әдетте, шамамен 50-55 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.

☑ Мұндай жағдайда техниканың қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеуі үшін оған жеткілікті кеңістік қажет. Сондықтан қар тазалайтын көліктің соңынан кемінде 100 метр арақашықтық сақтап, тым жақындамау маңызды.

☑ Сондай-ақ қар тазалайтын техниканы басып озбаңыз. Себебі қар ұшқыны мен көру мүмкіндігінің күрт төмендеуі жүргізуші үшін де, жолдағы өзге қатысушылар үшін де қауіп-қатерді арттырып, жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін.

Жолдағы тәртіп – ортақ қауіпсіздіктің кепілі. Өзіңіздің және өзгелердің амандығы үшін жол қозғалысы қағидаларын сақтаңыз.

🚘🚘🚘🚘🚘🚘🚘🚘

https://t.me/qazavtojol

By admin

Читайте также