Ақмолада кәсіпкерлік қанат жайды

Ақмола облысында кәсіпкерлік саласын дамытуға баса назар аударылып келеді. Бұл орайда екі қолға бір күрек табуға ұмтылып, кәсіпкерлікке бел буғандарға «Бизнестің жол картасы – 2025» сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы», «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларының шарапаты тиген жобалар жүзеге асырылуда.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының мәліметтері бойынша өңірде «Бизнестің жол картасы – 2025» басталған уақыттан бері ғана жалпы сомасы 236,1 миллиард теңгенің 4138 жоба мақұлданған.  Өткен жылғы деректер бойынша аталған бағдарлама есебінен 1685 жоба қолдау тауып, кәсіпкерлік өкілдіктері пайда болған. Негізінен шағын және орта кәсіпкерлік сала өкілдерін субсидиялау, несиелерді кепілдендіру, мемлекеттік гранттар ұсыну, өндірістік инфрақұрылымдарды жүргізуге мән берілген.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті жаңа бастағандарға арналған шағын несиелеу, отбасылық және әлеуметік кәсіпкерлікті дамыту жобалары жүзеге асырылған. Бағдарламаны жүзеге асыруға 1543 миллион теңге бөлініп, аталған сомаға кәсіпкерлік жобаларын бастаушыларға 186 шағын несие  беру және 240 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланыпты. Басқарма мәліметінше облыс бойынша шағын кәсібін ашқан 164 адам жалпы сомасы 832 миллион теңге сомасында несие алған.

         Өңірде кәсіпкерлік саласының дамуына тың серпін берген «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы болып табылады. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты шетелдік импорт тауарларын ығыстыратын жергілікті әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларымен алмастыруға бағытталған. Бағдарлама жүзеге асырылғаны бері облыста 260 жоба мақұлданып оған жалпы смоасы 44,6 млрд теңге қаржы бөлінген.

«Мемлекеттік бағдарламалармен негізінен аграрлық саладағы атап айтқанда сүт өнімдерін өңдеу, ет өнімдерін өңдеу және консервілеу, сүтті тұқымды малды өсірумен байланысты жобалар мақұлданды. Сондай-ақ киім-кешек тігу, қонақ үй бизнесі сияқты жобалар да ашылып жатыр. Бағдарлама шеңберінде «Родина» агрофирмасы, «Асыл арман» ЖШС-і, «MILK PROJECT», «Kazyna SR», «Авиценна-Бурабай», «Зерновая индустрия – Астана», «КАИК» сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер өз жобаларын сәтті жүзеге асыруда», — дейді Ақмола облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшының орынбасары Александр Загребин.

Жалпы облыс аумағында бүгінде 50 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істеуде.

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

 

By admin

Добавить комментарий

Читайте также