БАСПАСӨЗ-АНОНС

 

 

«Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірлесіп 2022 жылғы 15 тамызда республика бойынша «Әділдікті талап ет!» атты ауқымды науқанын бастайды. Оған Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады.

Науқанның басты мақсаты – қоғам арасында жемқорлыққа төзімсіздік ортасын қалыптастырып, бұл үрдіске ел азаматтарын барынша жұмылдыру. Аталмыш іс-шара жемқорлықтың болуы немесе орын алуы мүмкін деген, қоғамды алаңдататын мәселелердің кең ауқымын кезең-кезеңімен қамтитын болады.

Бірінші кезеңде автожол саласындағы мәселелерге тоқталып, жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау барысындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтауға назар аударылады.

2022 жылғы 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ-Ж.К.Тоқаев жол салу саласында сыбайлас жемқорлыққа бейімділік көрсеткішінің жоғары екенін атап өтіп, елімізде жол салу барысында 10 жыл ішінде болған бұзушылықтарды мұқият тексеруді тапсырған. «Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес. Жалпы, бұл салада қордаланған мәселе көп… Жолдың нашар сапасына қатысы бар барлық кінәлілерді Заңға сәйкес жауапкершілікке тарту қажет», — деді мемлекет басшысы.

Қазақстанда бұл сала сыннан көз ашпай жатқаны анық. Сапасыз жолдар – жол-көлік апаттарында талай адамдардың қайтыс болып, жарақат алуларының себебі болып табылады. 2021 жылы автожол саласына 500 млрд.тг. шамасында қаржы бөлінген. Сонымен қатар, осы жылы 14 000 жол-көлік апаты тіркеліп, онда 2000-нан аса адам қаза болып, 18 000 адам  жарақаттанған. Бұл дегеніміз – 20 000 бұзылған тағдырлар! Жол сапасының бұл жағдайға қатысы бар екенін анық.

Сапасыз жолдар – адамдардың өміріне қауіп төндіретін жол апаттарының, тасымалмен айналысатын бизнес-қауымдастығының өзекті проблемасы болып отыр. Жалпы, транспорт жүйесі – ұлттық экономика үшін маңызды деп саналатын еліміздің инфрақұрылымы. БӘФ Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткішіне сәйкес жол сапасы жөнінен біздің ел 138 орынның 108-ші орнында орналасқан.

Биыл 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 600 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал, жол жөндеуге бөлінген қаражаттың 44 пайызына мемлекеттік сатып алу қорытындысы жасалған жоқ. Автожолдарды салу жобаларының барлық кезеңдері жемқорлық тәуекелдеріне бейім. Тек мемлекет пен азаматтардың бірлескен күшімен ғана, қоғамды барынша жемқорлыққа қарсы күресте жұмылдыра отыра, бұл зұлымдыққа төтеп бере аламыз.

Азаматтар науқанға Adildik.kz веб-сайты арқылы қосылып, 1463 Call center бойынша Қазақстан автожолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы жемқорлық туралы ақпаратты 15 тамыздан бастап хабарлай алады.

Келіп түскен барлық ақпарат қалың жұртшылықты жұмылдыра отыра,  жергілікті және республикалық «Әділдік кеңесі» атты Кеңестерінде талқыланады. Сонымен қатар, салалық нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында және уәкілетті органдарға сындарлы ұсыныстар ұсынылатын болады.

Науқанның қорытындысы, сонымен қатар Бірлестік қызметінің нәтижесі биылғы жылдың аяғында өтетін Жемқорлыққа қарсы форумда жарияланып, науқанға белсенді қатысқан азаматтар «Әділдік жауынгері» мәртебесіне ие болады.

Бей-жай қарамайтын барлық азаматтарды аталмыш науқанға қосылып, елімізді толыққанды дамытуға жол бермей жатқан, жемқорлардың «арқасында» жемқорлықты қабылдау индексіне сәйкес 180 дүниежүзі елдері арасындағы 102 орынды ұстатып отырған жемқорларға қарсы күресте белсенділік танытуға шақырамыз.

Жемқорлықты бірге жеңейік!

Әділдіктің жауы – бейқамдық!

Бейқам болма, әділдікті талап ет!

 

Анықтама.  Жоғарыда көрсетілген шараның ұйымдастырушысы –

ҚР  Президенті Қ-Ж.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының «Әділдік» атты екінші бағытын қолдау мақсатында 2020 жылғы 18 қарашада құрылған «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі.  Аз уақыт ішінде ұйым сыбайлас жемқорлыққа және оның барлық көріністеріне қарсы күресте жақсы нәтиже көрсете алды.

Осылайша, Бірлестік жыл басынан бері 22 мыңнан астам азаматқа заңгерлік кеңес беріп, мемлекеттік сатып алулар мониторингі аясында 1000-ға жуық бағаны көтеру фактілері мен 20 млрд теңге соманы құрайтын заң бұзушылықтарды анықтады. Осы және өзге де фактілер бойынша 300-ден астам мемлекеттік орган басшылары мен басқа да тұлғаларға жалпы сомасы 67 миллион теңге айыппұл салынып, 21 қылмыстық іс қозғалды.

Олардың тең жартысы мемлекеттік қызметкерлер немесе оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

Мысалы, Ақтөбе қаласындағы бір спорт мектеп директорының орынбасары өз қызметімен қатар жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік сатып алулармен айналысып, басқа спорт мектептері мен білім беру ұйымдарына да қызмет көрсетіп отырған. Оған 428 820 теңге көлемінде айыппұл салынып, сондай-ақ, мемлекет пайдасына деп оның заңсыз 15 901 780 теңге кірісі тәркіленді.

Бірлестік «ArtSport.kz» жобасы аясында жемқорлық фактілерін бірінші болып анықтады. Мәселен, жан басына белгіленген мемлекеттік шығармашылық тапсырыс 28 млрд. теңге құраса, тек Шымкент қаласының өзінде 1704 ваучер иегерлерінің арасынан 547 бұзушылықтар анықталды, яғни әр 3-ші бала үйірмеге қатыспаған.

 

 

 

 

 

ПРЕСС-АНОНС

 

Республиканское общественное объединение «Әділдік жолы» совместно с Агентством по противодействию коррупции РК 15 августа 2022 года запускает масштабную акцию «Әділдікті талап ет!» по всей республике. В акции  может принять участие любой гражданин Республики Казахстан.

Основная цель акции – формирование в обществе атмосферы нулевой терпимости ко всем проявлениям коррупции и массовое вовлечение в этот процесс граждан страны. Мероприятие поэтапно охватит самый широкий спектр проблем,  волнующий общество, где имеет место коррупция.

На первом этапе РОО «Әділдік жолы» делает акцент на проблемы коррупции в автодорожной отрасли.

На расширенном заседании Правительства 14 июля 2022 года Президент Касым-Жомарт Токаев обозначил высокий уровень коррупциогенности сферы дорожного строительства, поручив тщательно расследовать нарушения, которые были допущены за 10 лет при строительстве дорог в нашей стране. «Ни для кого не секрет, что дороги в стране плохие, а в дорожно-строительной отрасли процветает коррупция. В целом, в этой сфере накопилось много проблем… Всех виновных в плохом качестве дорог следует привлечь к ответственности согласно закону» — сказал Глава государства.

Это одна из самых корумпированных сфер в Казахстане. Именно она   — объект постоянной критики.

В 2021 году на автодорожную сферу направлено порядка 500 млрд.тенге. В том же году зарегистрировано 14 000 случаев ДТП, более 2000 смертей, 18 000 ранений.  Это 20 000 покалеченных судеб! Можно с увернностью сказать, что часть ДТП связанно с качеством дорог.

Качество и состояние наших дорог предмет беспокойства и со стороны представителей бизнес-сообщества, деятельность которых связана с автоперевозками. Транспортная система – ключевая составляющая инфраструктуры страны.  По показателю качества дорог в Глобальном индексе конкурентоспособности ВЭФ наша страна занимает 108 место из 138.

В текущем году ремонтные работы будут проведены на более 11 тысячах километров дорог. В рамках 600 миллиардов тенге за полгода не подведены итоги госзакупок на 44% средств. Коррупционным рискам подвержены все этапы автодорожных строительных проектов. Только совместными усилиями государства и граждан, максимально вовлекая общественность в процесс борьбы с коррупцией, мы сможем противостоять этому злу.

Граждане смогут присоединиться к акции через веб-сайт Adildik.kz и проинформировать о проблемах, фактах коррупции в сфере строительства, ремонта и содержания автодорог Казахстана по Call center 1463, начиная с 15 августа.

Вся поступающая информация будет обсуждаться на заседаниях региональных и республиканских Советах «Әділдік кеңесі» с привлечением широкой общественности. Будут вырабатываться конструктивные предложения по совершенствованию отраслевых нормативно-правовых актов и рекомендаций для уполномоченных органов.

Результаты акции и итоги деятельности Объединения будут озвучены на Антикоррупционном форуме, запланированном в конце 2022 года с присвоением статуса «Әділдік жауынгері» самым активным гражданам – участникам акции.

Приглашаем всех неравнодушных граждан присоединиться к данной акции, принять активное участие в борьбе с коррупционерами, «благодаря» которым наша страна не может развиваться полноценно и находится на 102 месте из 180 стран мира по индексу восприятия коррупции.

Победим коррупцию вместе!

Равнодушие — враг справделивости!

Не будь равнодушным, требуй справедливости!

 

 

Справочно. Организатором, вышеуказанного мероприятия, является РОО «Әділдік жолы», созданое в целях поддержки второй платформы «Әділдік» предвыборной программы действующего Президента РК К-Ж.К. Токаева 18 ноября 2020 года. За короткий период организация смогла показать хорошие результаты в борьбе с коррупцией и всеми видами ее проявления.

Так, с начала года Объединением оказаны юридические консультации более чем 22 тыс. гражданам, в рамках мониторинга государственных закупок установлено около 1000 фактов завышения цен и нарушений законодательства на сумму 20 млрд. тг. По этим и другим фактам более 300 руководителей госорганов и других лиц оштрафованы на общую сумму 67 млн. тг., возбуждено 21 уголовное дело.

Половина из них – это занятие предпринимательской деятельностью госслужащими или лицами, приравненными к ним.

К примеру, заместитель директора одной из спортшкол города Актобе параллельно занималась государственными закупками, как индивидуальный предприниматель и оказывала услуги другим спортшколам и организациям образования. Она оштрафована на сумму 428820 тенге, а также у нее конфискован незаконный доход в пользу государства на сумму 15 901 780 тенге.

Объединение первым выявило коррупциогенность проекта ArtSport.kz.подушевого финансирования государственного творческого заказа в объеме 28 млрд. тг. (только по г. Шымкент обнаружено 547 нарушений из 1704 обладателей ваучеров, то есть каждый 3-й не посещал секции).

 

 

 

By admin

Добавить комментарий

Читайте также