Қазақстан халқының қонақжайлығы — елдегі тұрақтылық пен этносаралық татулықтың басты тіректерінің бірі. Қазақ халқы әрдайым алыстан келген адамға ерекше құрмет көрсетіп, дәмін ұсынып, шын пейілмен қарсы алады. Бүгінде елімізде жүзден астам этнос өкілдері бірлік пен сыйластықта өмір сүріп келеді. Бұл — халқымыздың кең жүректілігінің нәтижесі. Әрбір этнос өз салт-дәстүрін сақтап, мәдени шараларға еркін қатысып, қоғамның ажырамас бөлігіне айналған. Қазақстандағы осындай мейірімді атмосфера елдің шынайы қонақжайлылығының жарқын дәлелі.

Исмаилова Әдемі Хамитбекқызы

By admin

Читайте также