Қазақстанда алғашқы агроклиматтық көміртек полигоны ашылды

Ақмола облысында еліміздегі алғашқы агроклиматтық көміртек полигоны «Kaz Agro Carbon» ашылды.

Жоба ауыл шаруашылығында климаттық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

Полигон ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы базасында ашылды. Жобаның шетелдік серіктесі – Ресей ғылым академиясының Аграрлық экология федералдық ғылыми орталығы.

Нысан экожүйелердің жағдайын жыл бойы бақылауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда топырақтағы көміртегі теңгерімін, көмірқышқыл газы мен метан ағынын өлшейтін сенсорлар, сондай-ақ температура мен жауын-шашынды тіркейтін метеостанциялар орнатылған.

By admin

Читайте также