Азаматтық қоғам жаңашылдықты қалайды

 

 

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Конс­титу­ция­ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Референдум өткізудің мақсаты мен тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Оқу ордасының оқытушылар құрамы мен студенттері қа­тыс­қан жиында «Қазақстан тари­­хы және Қазақстан халық­тары­ның мәдениеті кафедра­сы­ның» меңгерушісі, тарих ғылым­­да­ры­ның кандидаты Зәуре Ақ­там­бердиева, «Құқық» кафед­ра­сының меңгерушісі Бақытжан Қуандықов, т.б. қаты­су­шылар референдумға қатыс­ты пікірлерін білдіріп, Ата Заңға енгізілетін өзге­рістерге байла­ныс­ты ұсы­ныс­тарын ортаға салды.

Дөңгелек үстелге қатыс­қан­дар Президент Қ.Тоқаев­тың Кон­ституцияға өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы рес­публикалық референдум өткiзудің мән-маңызын және аза­маттық қоғамды дамыту, ха­лық­тың мемлекеттік басқаруға қатысу белсенділігін ынталандыру мәселесі туралы бастамасына қолдау білдірді.

Конституция реформасы мем­лекеттің барлық моде­лін ке­шен­ді түрде трансфор­ма­ция­лау­ға бағытталған. Өзге­ріс­тер супер­пре­зиденттік бас­қа­ру формасынан ықпалды Парламент пен жауапты үкі­ме­ті бар президенттік рес­пуб­ликаға өтуді қамтамасыз етпек. Сонымен қатар адам құқық­тарын қорғауды күшейту мақ­са­­тында «Конституциялық сот» және «Адам құқықтары бо­йын­ша уәкілетті орган» деген екі жаңа бап енгізілмек. Одан кейін сайлау жүйесі өзге­рейін деп отыр. Енді кез келген қазақстандық азамат өзін депутаттыққа ұсынуға мүм­кіндік алатын болады.

Жаңашылдықтың тағы бірі – жер мәселесіне қатысты өз­ге­рістер. Қазіргі заң бойынша жер мемлекет меншігі болып саналады. Енді жер, су көздері мен басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болмақ. Меншік құқығын халық атынан мемлекет жүзеге асырады. Осыған бай­ланысты халық өз шешімін қабылдауға тиіс.

Кездесу барысында сарап­шы­лар еліміздегі демократия­ла­ндыру үдерісін одан әрі жал­ғастыруды көздейтін кон­сти­туциялық өзгерістер мен то­лықтырулар енгізуге қа­тыс­ты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Өз кезе­гінде ұстаздар мен студенттер 5 маусымда өтетін рефе­рен­думға ұйымшылдықпен қаты­сатындарын әрі ел бола­шағы үшін жасалатын маңыз­ды қа­дам­дарды толық қолдай­тын­дық­тарын білдірді.

 

https://egemen.kz/article/314061-azamattyq-qogham-dganhashyldyqty-qalaydy

By admin

Добавить комментарий

Читайте также