Атбасарлықтар «Таза Қазақстан – Таза Өлке» акциясына қатысты
Атбасарлықтар тазалық пен мәдениеттің үлгісі ретінде қала көшелерін тазалауға бірлесе шықты. «Таза Қазақстан – Таза Өлке» атты кең ауқымды акцияға 200-ден астам атбасарлық атсалысып, табиғатты қорғаудағы азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Бұл бастама республикалық деңгейдегі «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысының жалғасы болып табылады. Негізгі мақсат тек қана аумақты тұрмыстық қалдықтан тазарту емес, сонымен қатар жастар арасында табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, қоғамда экологиялық сананы арттыру.
Акцияға мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері мен жергілікті тұрғындар бірдей белсенділікпен қатысты. Қолына қолғап пен қап алған қатысушылар саябақ аумағын қоқыстан тазартып қана қоймай, қоршаған ортаны сақтау әрбір азаматтың күнделікті әдетіне айналуы тиіс екенін нақты іспен көрсетті. Шараға арнайы қатысқан Атбасар қаласының әкімі Әнес Қайыржан тазалық жұмыстарына үн қосып, табиғатты қорғаудың маңыздылығына тоқталды.

«Қоршаған ортаның тазалығы ертеңгі күнге жасалатын инвестиция. Табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтау бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл акция бірліктің күші мен жастардың белсенді ұстанымын айқын көрсетті», деді ол.
Жиналған жұртшылықтың ортақ күшімен Жеңіс саябағы аумағы толықтай тазартылды. Мұндай шаралар аудан экологиясын жақсартып қана қоймай, қоғамды табиғатқа қамқорлықпен қарауға үндейді.
Атбасарлықтар үшін бұл акция жай ғана сенбілік емес, экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің айқын белгісіне айналды.

 

Атбасарцы приняли участие в акции « Таза Қазақстан- Таза Өлке»
Атбасарцы вышли на уборку городских улиц. В масштабной акции «Таза Қазақстан- Таза Өлке» приняли участие более 200 жителей, продемонстрировав образец гражданской ответственности в деле защиты природы.
Эта инициатива стала продолжением республиканского экологического движения «Таза Қазақстан». Ее цель не только очистка территории от бытовых отходов, но и формирование у молодежи культуры бережного отношения к природе, повышение экологического сознания общества.
В акции активно участвовали госслужащие, волонтеры, представители общественных организаций и местные жители. Надев перчатки и взяв мешки, участники не только очистили парк от мусора, но и показали на деле, что сохранение окружающей среды должно стать привычкой каждого гражданина. На мероприятии присутствовал аким города Атбасара Анес Каиржан, который присоединился к уборке и отметил важность защиты природы.
«Чистота окружающей среды — это инвестиция в завтрашний день. Сохранение природы для будущих поколений — наша общая задача. Эта акция наглядно показала силу единства и активную позицию молодежи», — подчеркнул он.
Общими усилиями участников была полностью очищена территория парка Победы. Подобные мероприятия не только улучшают экологию района, но и призывают общество бережно относиться к природе.
Для атбасарцев эта акция стала не просто субботником, а ярким проявлением экологической культуры и гражданской ответственности.

By admin

Читайте также