Президент Қ. Ж. Тоқаев: «Елдегі демографиялық үрдістерді егжей-тегжейлі зерделеп, ұзақ жылға арналған шешімдер қабылдау айрықша маңызды.
Алайда осы салада мәліметтерді тиісті деңгейде есепке алып, талдау жасау жолға қойылмаған. Бұл жағдай еңбек нарығының сұранысын болжау, инфрақұрылымды дамыту жұмысын жоспарлау және басқа да міндеттерді орындау жолында қиындық туғызады.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің базасында ауқымды деректер мен жасанды интеллект технологиялары енгізілген Демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығын құру керек.
Демография және еңбек нарығындағы үрдістер зейнетақы жүйесіне қатысты ұстанымдарды қайта қарауды қажет етеді.
Азаматтардың, әсіресе, өз-өзін жұмыспен қамтып отырған адамдардың зейнетақы жинағы аз екені байқалады.
Үкімет Ұлттық банкпен, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе отырып зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, зейнетақы төлемдерінің ұзақ уақыт бойы теңгерімді және лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету шараларын ойластыруы керек».
#Жолдау2025
#Послание2025
Президент К. Ж. Токаев: «Критически важно заняться детальным изучением демографических тенденций, принимать решения, рассчитанные на многие годы вперед. Но в этой сфере тоже не налажен должный учет и анализ данных, что затрудняет прогнозирование потребностей рынка труда, планирование развития инфраструктуры и решение других важных задач.
На базе АСПИР следует создать Центр анализа и прогнозирования демографических процессов с внедрением инструментария больших данных и технологии искусственного интеллекта.
Тенденции в демографии и на рынке труда диктуют необходимость пересмотра подходов и к пенсионной системе. Наблюдается низкий уровень пенсионных накоплений, особенно среди самозанятых. Правительству совместно с Национальным банком и АСПИР следует принять меры для укрепления финансовой устойчивости пенсионной системы, обеспечения долгосрочного баланса и достойного уровня пенсий».
#Жолдау2025
#Послание2025
