*Үкіметте Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлданды*

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды.

Премьер-министр Мемлекет басшысы Жолдауда елімізді дамудың жаңа деңгейіне көтеру үшін жүйелі шаралар кешенін қабылдауды тапсырғанын атап өтті. Үкіметтің алдына экономикаға, агросекторға және логистика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша нақты міндеттер қойылды.

«Біз Президенттің инвестициялық ахуалды жақсарту, негізгі салаларды жаңғырту, мемлекеттің тиімділігін арттыру және мұқтаж адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған стратегиялық бастамаларын іске асыру үшін нәтижелі шаралар қабылдаймыз. Жаппай цифрлық трансформация, экономиканы жаңғырту және адам капиталын нығайту арқылы еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етуіміз қажет. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары алға қойылған барлық міндеттерге сай келеді. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жоспардағы іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Барлық қаржыландыру мәселелерін шұғыл шешу қажет»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

✅ Дауыс беру барысында жалпыұлттық жоспар жобасы бірауыздан қолдау тапты. Ұлттық экономика министрлігіне Үкімет Аппаратымен бірлесіп, Мемлекет басшысының тиісті Жарлығының жобасын Президент Әкімшілігіне енгізу тапсырылды. Премьер-министрдің орынбасарлары ережелерге сәйкес Жоспардың жүзеге асырылуын бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді.

 

*Правительством одобрен Общенациональный План мероприятий по реализации Послания Президента*

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен Общенациональный План мероприятий по реализации Послания Президента Касым-Жомарта Токаева «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию».

Премьер-министр отметил, что Глава государства в своем Послании поручил принять комплекс системных мер по переходу страны в новую фазу развития. Перед Правительством поставлены конкретные задачи по внедрению цифровых решений и искусственного интеллекта в экономику, агросектор, логистику и ЖКХ.

«Мы примем действенные меры для реализации стратегических инициатив Президента, направленных на улучшение инвестиционного климата, модернизацию ключевых отраслей, повышение эффективности государства и социальное обеспечение нуждающихся. Необходимо обеспечить устойчивое развитие страны через глубокую цифровую трансформацию, экономическую модернизацию и развитие человеческого капитала. Представленный сегодня Общенациональный План мероприятий по реализации Послания Главы государства отвечает всем поставленным задачам. Первые руководители государственных органов должны обеспечить качественное и своевременное исполнение мероприятий плана. Все вопросы финансирования должны быть оперативно решены»,
— подчеркнул Олжас Бектенов.

✅ В ходе голосования проект Общенационального Плана был поддержан единогласно. Министерству национальной экономики совместно с Аппаратом Правительства поручено внести в Администрацию Президента проект соответствующего Указа Главы государства. Заместителям Премьер-министра – обеспечить контроль и координацию реализации Плана согласно закреплению.

By admin

Читайте также