«Адам құқықтарын қорғау — басты құндылық»
Қазақстанның басты мақсатының бірі — азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету. Соңғы жылдары сот жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуы, әлеуметтік қолдау шаралары осы бағыттағы нақты қадамдар болып табылады.
Мәселен, «Электрондық үкімет» порталы арқылы әрбір азамат өз құқығын қорғап, мемлекеттік қызметке еркін қол жеткізе алады. Бұл халықтың мемлекетке деген сенімін арттырып, қоғамдағы әділдік пен ашықтықты нығайтады.
Асылбекова Ариадна
