«Ата Заң — Тәуелсіздіктің тұғыры»
Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толып отыр. Бұл тарихи дата — еліміздің кемелденуінің, демократиялық даму жолындағы үлкен жетістігінің айғағы. Ата Заңымыз халқымыздың еркін білдіріп, мемлекетіміздің тұғырына айналды.
Конституцияның басты құндылығы — адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауы. Бүгінгі таңда елімізде әрбір азаматтың құқығы заңмен бекітіліп, тең мүмкіндіктер жасалған. Бұл — мемлекеттің тұрақты дамуы мен болашағының кепілі.
Алтаева Малика
