Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді

2025 жылғы 22 тамызда Ақмола облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп «РИО» сауда ойын-сауық орталығында азаматтарды көшпелі қабылдау жүргізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналды және Заң мен тәртіп тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында өткізілді.
Кездесуге келген азаматтар прокуратура және мемлекеттік органдардың өкілдерімен ашық әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін көтере алды. Сонымен қатар әрбір тұрғынға өз өтінішін жазбаша түрде қалдырып, оның заңнамаға сәйкес қаралуына мүмкіндік берілді.
Ақмола облыстық прокуратурасының аға прокуроры Пернебек Нұрсұлтан: «Бүгінгі іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып, еліміздің Конституциясының мерейтойына орайластырылды. Кездесудің негізгі мақсаты-халықпен тығыз қарым-қатынас орнату және салық, тұрғын үй, жер қатынастары және басқа да әлеуметтік тақырыптар бойынша құқықтық түсініктемелер беру. Кездесу ашық диалог форматында өтуде».
Мұндай әдістер азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді, құқықтық сауаттылықты арттырады және қоғамның прокуратура органдарымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

By admin

Читайте также