Қазақстан — бейбітшілік пен келісімнің мекені. Әрбір қазақстандықтың тең құқылы, тату-тәтті өмір сүруі — еліміздің басты құндылығы. Мен, Жақсы ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы ретінде, еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулық саясатына ерекше ризашылығымды білдіремін.
Көпұлтты мемлекет ретінде біз барлық этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін құрметтейміз. Бұл — Ел бірлігінің, мемлекет тұрақтылығының кепілі. Біздің ауданда да түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп келеді. Мектептерде, мәдениет ошақтарында, қоғамдық шараларда барша этностар тең құқықта, бірлесіп еңбек етуде.
Өзім де ұзақ жылдар бойы ауылдық және аудандық іс-шараларға қатысып, түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен ұйымшылдығын көріп келемін. Бір-бірімізге деген сыйластық — ең басты байлығымыз.
«Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді дана халқымыз. Ендеше, біз татулығымызды сақтап, бейбіт өмірімізді бағалай білейік. Ел бірлігі — ең қымбат қазына!
Кәмила Бекмырзақызы Мұғалова — Жақсы аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы
