Этносаясатты жүзеге асыру, халықтар достығы мен қоғамдық келісімді сақтау – Тәуелсіз Қазақстанның басты басымдықтарының бірі. Бұл бағытта «AMANAT» партиясының Жақсы аудандық филиалы тұрақты түрде кешенді жұмыс жүргізіп келеді.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Президентіміздің: *«Біздің басты байлығымыз – бірлік пен ынтымақ»* деген сөзі бәрімізге бағдар болуы керек. Партиямыздың бастамасымен ауданымызда әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуымен мәдени-көпшілік іс-шаралар, пікірсайыстар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Бұл – жастар арасында толеранттылық пен патриотизмді тәрбиелеудің маңызды жолы. Өз тәжірибемде ауылдық жерлерде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын күнделікті көремін. Бір-бірінің салт-дәстүріне құрметпен қарап, қуаныш пен қиындықты бірге бөлісіп, бір отбасыдай өмір сүру – біздің қоғамымыздың басты артықшылығы. Қоғамдағы келісім мен бейбітшілік – әр азаматтың жауапкершілігі. Сондықтан біз бірлігімізді бекем ұстап, жастарға өзге ұлтқа деген сыйластық пен құрметті үлгі етуіміз керек.
«Тату елге тоқшылық нәсіп» дейді халқымыз. Сол татулық пен бірлікті сақтау – біздің басты парызымыз.

Ляззат Ғаллиқанқызы Абилдина — «AMANAT» партиясының Жақсы аудандық филиалының төрайымы

By admin

Читайте также