Көпбалалы ана ретінде мен еліміздегі этносаясаттың жүзеге асырылуын, ұлттар арасындағы достық пен келісімді ерекше маңызды деп санаймын. Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықтың мекені. Бұл — әр ұлттың өкіліне бірдей жағдай жасалған ел. «Тату елге тыныштық нәсіп» дейді халқымыз. Шынымен де, елімізде әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігі тең дәрежеде қорғалған. Мен өз отбасыммен Жақсы ауданында тұрамын, көпбалалы ана ретінде мемлекет тарапынан қолдауды сезініп жүрмін. Мемлекеттік бағдарламалар, әлеуметтік көмектер, балаларды мектепке дайындау — мұның бәрі еліміздің халқының әл-ауқаты мен береке-бірлігін арттыруға бағытталған. Күнделікті өмірде түрлі ұлт өкілдерімен етене араласамыз. Балаларым мектепте қазақ, орыс, украин, татар достарымен бірге оқиды. Олар бір-бірімен тату, бір-бірінің мәдениетіне, дәстүріне құрметпен қарайды. Бұл — Қазақстанның ең басты байлығы — халықтар достығының жарқын көрінісі.
Менің ойымша, ұлт бірлігі — ел болашағының кепілі. Әрбір ата-ана өз баласына бейбітшілікті, өзара сыйластықты, адамгершілік қасиеттерді үйретуге тиіс. Осылайша, біз келер ұрпаққа ұлтаралық келісімнің мәнін түсіндіре аламыз. Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан этносаясат – өз жемісін беріп отыр. Татулық пен тұрақтылық — ең үлкен құндылық. Мен осы бейбіт елде балаларымды өсіріп, тәрбиелеп жатқаныма қуаныштымын.

Нұржанова Әлия Арыстанқызы — көпбалалы ана, Тілдер оқыту орталығының директоры

By admin

Читайте также