Адам құқықтарын сақтау, ұлттар арасындағы келісімді нығайту, Отанға деген сүйіспеншілік – бұл Қазақстан қоғамының басты құндылықтарының бірі. Мен, «Жан жылуы-2014» қоғамдық қайырымдылық қорының төрайымы ретінде, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға үлкен ризашылықпен қараймын. Біздің еліміз – жүзден астам ұлт пен ұлыстың бейбіт өмір сүріп жатқан мекені. Бұл – Мемлекет басшысының дана саясатының, халқымыздың кеңпейілділігі мен өзара құрметінің нәтижесі. Қазақ халқының бауырмалдылығы мен қонақжайлығы әрбір этнос өкілінің жүрегінен орын тапты. «Тату елге тыныштық пен береке қонады» деген сөз бекер айтылмаған. Адам құқығы – әрбір азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу мен еркіндігін қамтамасыз етудің негізі. Қазақстанда әр адам өз дінін, тілін, мәдениетін еркін ұстана алады. Бұл – шын мәнінде демократиялық қоғамның көрінісі. Қорымыздың жұмысы барысында біз түрлі этнос өкілдеріне көмек көрсетіп, бірге игі іс-шаралар ұйымдастырып келеміз. Әсіресе, жастар арасында достық пен бірлікке негізделген тәрбиелік жобалар үлкен қолдау табуда. Олар – еліміздің болашағы, ал сол болашақтың іргетасы – бүгінгі күнгі ынтымақ пен келісімде.
Қазақстан – менің Отаным. Осындай көпұлтты елде өмір сүру – үлкен бақыт. Әр азаматтың құқығы сақталып, әр ұлттың мәдениеті құрметтелетін елде бейбітшілік пен тұрақтылық мәңгілік болсын деп тілеймін!

Күлайша Маратқызы Оспан — Жақсы ауданы «Жан жылуы–2014» қоғамдық қайырымдылық қорының төрайымы

By admin

Читайте также