Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуын атап өтудеміз. Бұл мереке тек заңнамалық құжаттың қабылдануын ғана емес, сонымен қатар еліміздің адам құқықтарын қорғау, азаматтық қоғамды дамыту, және этносаралық келісімді нығайту бағытындағы маңызды қадамдарымыздың белгісі болып табылады.
Конституциямыз – біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың кепілі. Ол «Адам құқықтары – ең жоғары құндылық» деген қағиданы негізге алады. Біздің халқымыздың бірлігі мен татулығы, әртүрлі этностар мен мәдениеттердің үйлесімді өмір сүруі – еліміздің дамуының басты факторы.
Көрнекті тұлға Нельсон Мандела: «Біз бәріміз бір-бірімізге тәуелдіміз, біз бәріміз бір-бірімізге жауаптымыз» деп айтқандай, біз де өзіміздің қоғамымызда бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірге дамуға ұмтылуымыз керек.
Жақында Жақсы ауданында өткен бір шарада, түрлі этникалық топтардың өкілдері өз мәдениеттерін таныстырып, ұлттық тағамдарын ұсынып, бір-бірімен достық қарым-қатынастарын нығайтты. Бұл біздің елімізде этносаралық келісімнің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Біз әрқашан өзара түсіністік пен құрметке негізделген қарым-қатынастарды дамытуымыз қажет.
Сондықтан, Конституциямызды құрметтеп, оның қағидаларын өмірімізде жүзеге асыра отырып, біз елімізді гүлдендіруге, азаматтық қоғамды нығайтуға және әрбір адамның құқықтарын қорғауға атсалысуымыз керек.
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, оны сүйіп, құрметтеу – әрқайсымыздың міндетіміз. «Отан – отбасынан басталады» дегендей, біз өз отбасымыздан бастап, елімізге деген сүйіспеншілігімізді көрсетуіміз қажет.
Елеусузова Алина Мухитқызы — Жақсы ауданы жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөнінбегі комиссияның хатшысы
