Халықаралық жастар күні — бұл еліміздің болашағы саналатын, арманға толы, қайратты да, білімге құштар жастардың мерекесі. Жақсы ауданындағы «Жан жылуы–2014» қоғамдық қайырымдылық қорының төрайымы ретінде Қазақстан жастары туралы тек жылы пікір білдіргім келеді.
Бүгінгі жастар — Тәуелсіз Қазақстанның тірегі, бейбітшілік пен келісімді сақтаушы, ел дамуына үлес қосушы басты күш. Олар әлемдік деңгейде ойлай алатын, бірақ ұлттық құндылықтарды жоғары қоятын, тілге, дәстүрге құрметпен қарайтын ұрпақ.
«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Қор аясында өткізілген қайырымдылық шараларында біз жиі жастардың белсенділігін байқаймыз. Мысалы, көпбалалы отбасыға көмектесу кезінде түрлі ұлттың жастары бірігіп, азық-түлік жинап, құрылыс жұмыстарына көмектесті. Ұлтына, дініне қарамастан, бір мақсат үшін жұмылып әрекет етті. Бұл — шынайы бірліктің, патриотизмнің айқын көрінісі.
Құрметті жастар! Сіздерге зор сенім артамыз! Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз артып, еліміздің игілігі үшін аянбай еңбек ете беріңіздер! Еліміз тыныш, бірлігіміз бекем болсын!
Күлайша Маратқызы Оспан — Жақсы ауданы «Жан жылуы–2014» қоғамдық қайырымдылық қорының төрайымы
