«Жан жылуы-2014» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы ретінде мен елімізде достық, бірлік пен этносаралық келісім идеяларының насихатталуын өте маңызды және құнды бастама деп есептеймін. Бұл – тек бейбіт өмірдің кепілі ғана емес, сондай-ақ бүкіл қоғамды біріктіретін рухани өзек, ұлт болашағының берік негізі. Қазақстан – жүзден астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Осындай алуан түрлі мәдениетті, тілді, дәстүрді бір шаңырақтың астына біріктіріп отырған еліміздің басты байлығы – ол халықтың бірлігі. Ел Президентінің жүргізіп отырған саясаты – осы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға бағытталған. Біз мұны өз қызметімізде күнделікті сезінеміз. Біздің қоғамдық қор әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету арқылы қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттыруға ықпал етіп келеді. Бұл жұмыстың аясында біз әртүрлі ұлт өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Ұлты мен дініне қарамай, көмек сұраған әрбір адамға жан-жақты қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз. Осы арқылы біз халық арасындағы өзара құрмет пен сенімді нығайтып, ұлтаралық келісімнің үлгісін көрсетіп келеміз.
Еліміздегі этносаралық келісімді нығайту – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың, әрбір қоғамдық ұйымның міндеті деп білемін. Біз «Жан жылуы-2014» қоры ретінде өз тарапымыздан бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз.
Қазақстанның болашағы – бірлікте, келісімде және ортақ мүддеде. Осы құндылықтарды сақтап, нығайта білсек, еліміздің дамуы да, халқымыздың бақыты да баянды болмақ.

Оспан Күлайша Маратқызы — Жақсы ауданы «Жан жылуы-2014» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы

By admin

Читайте также