Тегін медициналық және құқықтық көмек көрсететін медициналық пойыз Ақмола облысына келеді
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Деңсаулық сақтау министрлігінің және «Самрұқ-Қазына» АҚ қолдауымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақмола облысының тұрғындарына тегін медициналық және құқықтық көмек көрсетеді. Өңірде болған уақытта 6 ауыл мен оған жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарын қабылдайды.
Маршрут 7-нші тамыз күні Ақсуат ауылынан басталады. Ақсуатта бір күн тұрып, пойыз Шағалалы, Қызыл ту, Макинск, Қазақ, Өлеңті станцияларына аялдайды.
Шағалалы ауылында пойыз 12 тамызда жұмыс істейді, Қызыл туда – 20-21 тамыз, Макинскта – 22 тамыз, Қазақ ауылында – 23 тамыз, Өлеңтіде – 26-27 тамыз күндері қабылдау жүргізіледі.
Қабылдауды терапия, хирургия, педиатрия, кардиология, неврология, оториноларингология, офтальмология, стоматология, гинекология, урология, функционалды диагностика, рентген және психология салалары бойынша 29 дәрігер жүргізеді.
Кеңес беруден бөлек, пойызда УДЗ, ЭКГ, флюорография, гастрофиброскопия, қан талдауы және басқа да диагностикалық тексерулерден өтуге болады. Қажет болған жағдайда шағын хирургиялық операциялар жасалады. Барлық санитарлық және техникалық талаптар сақталған, пойыз заманауи жабдықтармен қамтылған.
Дәрігерлермен қатар, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия атынан келген заңгерлер мен медиаторлар ауыл тұрғындарын қабылдайды. Олар еңбек дауларын шешуге, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуге, сот және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге көмектеседі.
Маршрут басталғалы 42 ауылдың 27 000-нан астам тұрғыны пойыз мамандарының көмегіне жүгінді.
Пойыз еліміз бойынша барлығы 123 елді мекенге аялдайды. Алты ай ішінде 90 000-нан астам адам, әсіресе емханалардан алыс орналасқан ауыл тұрғындары білікті көмек алады.
Ақмола облысындағы жұмысы аяқталған соң, пойыз Павлодар облысына және шығыс өңірлерге бағыт алады.
Жоба 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Оны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Ұлттық комиссия серіктестікте жүзеге асыруда.
Тек өткен жылдың өзінде пойыз мамандары 104 250 адамға көмек көрсетті. 2010 жылдан бері 763 657 қазақстандық тексеруден өтті, олардың әрбір бесіншісі – бала. Жалпы 36 589 операция жасалды.
Медициналық пойыздың нақты қозғалыс кестесі www.medpoezd.kz сайтында жарияланған.
Медпоезд с бесплатной помощью врачей и юристов прибудет в Акмолинскую область
Медицинский поезд «Саламатты Қазақстан», запускаемый при поддержке Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республике Казахстан, Министерства здравоохранения и АО «Самрук-Казына» окажет бесплатную помощь жителям Акмолинской области. За время пребывания в регионе врачи и юристы обслужат 6 сел и близлежащих населенных пунктов.
Маршрут начнется 7 августа с села Ақсуат. Пробыв в Ақсуат один день, поезд сделает остановки на станциях Шағалалы, Қызыл ту, Макинск, Қазақ, Өлеңті.
В селе Шағалалы поезд будет работать 12 августа, в Қызыл ту – 20–21 августа, в Макинске – 22 августа, в селе Қазақ – 23 августа.
Жители Өлеңті смогут обратиться за консультацией 26–27 августа.
Прием ведут 29 врачей по основным направлениям: терапия, хирургия, педиатрия, кардиология, неврология, оториноларингология, офтальмология, стоматология, гинекология, урология, функциональная диагностика, рентген и психология.
Помимо консультаций, в вагонах можно пройти УЗИ, ЭКГ, флюорографию, гастрофиброскопию, лабораторные анализы и другие обследования. При необходимости врачи проводят малые хирургические вмешательства. Все санитарные и технические нормы соблюдены: поезд оснащен современным оборудованием.
Наряду с врачами сельчан проконсультируют юристы и медиаторы, представленные Национальной комиссией по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК. Они помогут в решении трудовых споров, оформлении социальных выплат, разъяснении судебных и правовых процедур.
С начала маршрута к помощи специалистов поезда обратились более 27 000 жителей из 42 сел.
Всего на текущий год маршрут поезда проляжет вдоль 123 населенных пункта по всей стране. За полгода более 90 000 человек получат квалифицированную помощь – особенно те, кто проживает вдали от стационарных поликлиник.
После завершения работы в Акмолинской области состав отправится в Павлодар и восток страны.
Проект реализуется с 2010 года в рамках партнерства фонда развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust от имени группы компаний АО «Самрук-Қазына», Министерства здравоохранения РК и Национальной комиссии при Президенте РК.
Актуальное расписание движения медицинского поезда опубликовано на сайте www.medpoezd.kz.