Ақмола облысында «Жасыл ел» еңбек маусымы ресми түрде ашылды
Ақмола облысында жастардың қатысуымен өтетін ең ірі экологиялық әрі еңбекке баулу жобасы – «Жасыл ел» бағдарламасының еңбек маусымы ресми түрде басталды. Биыл аталмыш бастама өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл туралы Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасының Жастар және отбасы істері бөлімі басшысы Айсұлу Мырзахметова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, 20 жыл ішінде республика бойынша 400 мыңнан астам жас «Жасыл ел» жобасына қатысып, маусымдық жұмысқа тартылған. Ал Ақмола облысында бұл көрсеткіш 20 мыңнан аса жасты қамтып отыр.
«Жасыл ел» жобасы – тек жазғы жұмыс емес, ол – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың, отансүйгіштік пен жауапкершілікті арттырудың алаңы. Бұл бастама жастардың табиғатқа жанашырлығын арттырып, туған өлкені көркейтуге бағытталған, – деді Айсұлу Мырзахметова.
Оның мәліметінше, жобаны қаржыландыру көлемі 210,5 млн теңгені құрайды. Қаражаттың басым бөлігі жастардың жалақысына, еңбек құралдарына, экологиялық акцияларға және маусымның ашылу шараларына жұмсалады.
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, Зеренді ауданында облыстық деңгейде еңбек маусымының ресми ашылуы өтті. Іс-шара барысында жастар қоғамдық орындарды тазалап, қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
Қазіргі таңда Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларында және Шортанды, Бұланды, Зеренді, Целиноград, Жақсы, Атбасар, Егіндікөл, Қорғалжын, Біржан сал аудандарында «Жасыл ел» жастары жұмысқа кірісті. 1 шілдеден бастап жобаға Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Бурабай және Сандықтау аудандарының жастары қосылмақ.
Жастармен еңбек шарттары жасалып, олардың жұмыс уақыты – күніне 8 сағатты, ал жалақысы – айына 85 мың теңгені құрайды (барлық әлеуметтік аударымдарды есепке ала отырып). Жаз бойы жалғасатын бұл жоба аясында Ақмола облысы бойынша 1500-ден астам жас маусымдық жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
20 жылдық тарихы бар бұл жоба өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Ол арқылы еліміздің болашағына жауапты ұрпақ тәрбиеленіп келеді, – деп қорытындылады сөзін Айсұлу Мырзахметова.
В Акмолинской области официально стартовал трудовой сезон программы «Жасыл ел»
В Акмолинской области официально начался трудовой сезон самой масштабной экологической и трудовой программы с участием молодежи — «Жасыл ел». В этом году инициатива отмечает свое 20-летие. Об этом сообщила руководитель отдела по делам молодежи и семьи управления внутренней политики Акмолинской области Айсулу Мырзахметова на брифинге в Региональной службе коммуникаций.
По словам спикера, за 20 лет по всей республике более 400 тысяч молодых людей приняли участие в проекте «Жасыл ел» и были привлечены к сезонным работам. В Акмолинской области этот показатель превысил 20 тысяч человек.
«Проект «Жасыл ел» — это не просто летняя подработка, это площадка для формирования экологической культуры, патриотизма и ответственности. Инициатива направлена на воспитание бережного отношения к природе и благоустройство родного края», — отметила Айсулу Мырзахметова.
По ее информации, общий объем финансирования проекта составляет 210,5 млн тенге. Основная часть средств идет на заработную плату молодежи, приобретение инвентаря, проведение экологических акций и мероприятия по открытию сезона.
В честь Всемирного дня охраны окружающей среды 5 июня в Зерендинском районе прошло областное открытие трудового сезона. В рамках мероприятия молодежь участвовала в уборке общественных территорий, проявив свою гражданскую активность и ответственность за окружающую среду.
На сегодняшний день молодежные отряды «Жасыл ел» уже начали работу в городах Кокшетау, Косшы, Степногорск, а также в Шортандинском, Буландынском, Зерендинском, Целиноградском, Жаксынском, Атбасарском, Егиндикольском, Коргалжынском и Биржан сал районах. С 1 июля к проекту присоединятся молодежь Аккольского, Аршалынского, Астраханского, Бурабайского и Сандыктауского районов.
С молодежью заключаются трудовые договоры, рабочий день составляет 8 часов, а заработная плата — 85 тысяч тенге в месяц (с учетом всех социальных отчислений). В течение лета планируется трудоустроить более 1 500 молодых людей по всей Акмолинской области.
«Проект с 20-летней историей доказал свою жизнеспособность. Через него воспитывается поколение, ответственное за будущее страны», — подытожила Айсулу Мырзахметова.