Қазақстандық каратэші қыздар тарихи нәтижеге қол жеткізді
Марокко астанасы Рабатта премьер-лига санатындағы турнир аяқталды.
Спортшыларымыз Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай үздік спортшыға берілетін Grand Winner номинациясына ие болды.
▪️Мөлдір Жаңбырбай былтыр тұңғыш болып 50 кг дейінгі салмақта Grand Winner атанған. Ол – осы сыйлықты 2 мәрте иеленген алғашқы каратэ шеберіміз