Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыста чемпиондық атақ үшін таласты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінде бір күнде екі матч өткізді.
Қазақстандық теннисші сенбі күні алдымен жекелей сында жартылай финалда әлемнің 242-ракеткасы, ресейлік Алина Чараевамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Жібек 6:4 есебімен басым түскенімен, сол қарқынын жалғастыра алмады – 4:6, 1:6.

Тартысты матч 2 сағат 24 минутқа созылды.

Финалға шыға алмағанына қарамастан, Ж.Құламбаева WTA Live рейтингісінде 309-орынға көтеріліп, ТОП-300-ге жақындап тұр.

Қазақстандық теннисші сонымен қатар жұптық сында ұлыбританиялық Фрея Кристимен бірге финалда ойнады. Қазақстандық-ұлыбританиялық жұп соңғы бәсекеде түркиялық Айла Ақсу – чехиялық Анна Шишковаға жол берді – 4:6, 2:6. Сөйтіп чемпион атана алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Сербиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Рыбакина Страсбургте биылғы алғашқы титулына қол жеткізді.

By admin

Читайте также