Елімізде дәрі-дәрмек 30%-ға дейін арзандайды
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға баға қалыптастыру жүйесін қайта қарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шекті бағаны реттеудің жаңа тетігі мемлекет есебінен тегін берілетін дәрілерге – ТМККК мен МӘМС шеңберінде, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда арқылы сатылатын препараттарға қатысты қолданылады.

«Амбулаториялық және стационарлық емдеуге арналған тегін дәрілердің тізбесінде бағалар 19%-ға дейін, ал бөлшек сауда дәріханаларындағы бағалар 30%-ға дейін төмендейді», — деп жазылған хабарламада.

Жаңартылған тізбе мыналарды қамтиды:

3475 дәрі-дәрмектің және 2917 медициналық бұйымның атауы (ТМККК және МӘМС шеңберінде)
5936 препарат – көтерме және бөлшек саудаға арналған
Баға төмендеуінің орташа көрсеткіштері:

2222 дәрі атауы бойынша – 18%-ға дейін
1847 медициналық бұйым бойынша – 14%-ға дейін
дәріханаларда 5492 дәрінің атауы – 30%-ға дейін
Дәрілік заттың сауда атауына белгіленген шекті баға сол препаратқа бекітілген көтерме шекті бағадан аспайды. Шекті баға дәрілік заттың шығару түрі, дозасы, концентрациясы, көлемі мен қаптамасы, сондай-ақ өлшем бірлігі ескеріле отырып есептеледі.

By admin

Читайте также